+1 дауыс
10.9k көрілді
Сүйелді қалай кетіреді?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүйел дегеніміз мүйізді қабықтармен жабылған эпидермалық түйіршіктер немесе тері қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде және сары, сұр түсті болып келеді. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі заттар арқылы да жұғады. Негізінен аталық және аналық деп екіге бөлінеді. Аталығы бір шыққан соң қайта шықпайды, ал аналық сүйел кетіріп тастасаңыз да, қайтадан шығып, мазаңызды ала береді.



Сонымен сүйелден қалай құтылуға болады?

Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырасыз. Матаға жағып, сүйелге таңып, байлап тастайсыз да, оны күніге ауыстырып тұрасыз.
    Пиязды сірке суында екі сағат бойы ұстайсыз да, түнге қарай сүйелге таңып байлайсыз. Қатты тартасыз, шыдауыңыз керек. Осылай бірнеше рет жасасаңыз, сүйел тамырымен қопарылып шығады.
    Ешқандай қоспасы жоқ кәдімгі борды сүйелге себесіз де, байлап қоясыз. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ, ылғалды, суды жоғалтпау керек.
    Сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға беріңіз. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді.
    Әжелер кеңесі. Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған сүйелдер жоғалады.

  Ескерту. Біз ұсынған кеңестердің барлығын бір мезгілде қолдана беруге болмайды. Ем-домды бір-екі рет қолданып көрген соң, нәтиже болмаса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

http://www.massaget.kz/bastangy/Zdorove/4023
Ем-домды бір-екі рет қолданып көрген соң, нәтиже болмаса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
Аха, өте дұрыс! Ауырсандар алдымен осындай сайттардан оқып алып өздігіннен емделідер, асқынғанда ғана дәрігерге қаралу қажет, кейін бірдене болса кім жаман дәрігер жаман деп айтуға ыңғайлы ғой!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Заман осылай болып кеткен,дәрігерге барғанды қазір адамдар,әсіресе жастар онша ұнатпайды. Жалпы біз қазақтар жасымыз да, кәріміз де денсаулықа келгенде салғырттаумыз. Қалалы жердің емханасына барсаң тура Ресейде жүргендей боласың,емделушілердің басым көпшілігі егде жастағы орыстың және басқа славян халықтарының өкілдері.Маған үнемі "осы қазақтың кемпір шалдары ауырмайды ма" деген ой келеді.Бірақ көзіміз көріп жүр ауырады, және ауруы асқынып тек өлімші болғанда ғана дәрігерді іздейді. Біз енді солардың ұрпақтарымыз ғой,бірінші бақсы балгер,сынықшыларға ,емшілерге барғышпыз,ал дәрігерге қаралу ең соңғы кезекте...Тіпті маскунемдікке салынған ағайынды да ,дәрігерге апарып емдетудің орнына сыраға димедрол қосып беріп сілейтіп уақытша ұйықтатып (осы сайттағы сұрақтардың бірі), немесе, дәріханадан эспераль, тетурам сияқты қауіпті дәрілерді дәрігердің рұқсаты болмаса да  арақ ішкіш ағайынның тамағына тығып қосып беріп жататын жағдайлар жиі кездеседі. Егер осыдан адам өлсе, белгісіз жүрек дертінен , көп жағдайда дәрігерлер дұрыс көмек бермегендіктен, немесе жедел жәрдем кеш келгендіктен өлді деп өсек әңгіме айтады. Ал дәрігерлерге ,маскүнемді жасырын емдегендерін ешқашан айтпайды,бір жағыныан неге айтсын ,абайсызда адам өлтірді деп айыпты болады ғой! Ал сүйелге келетін болсақ, бұл иммунитеттің вирустарға қарсы төмендеуінен болады ,сондықтан тек қана күйдіріп және хирургиялық жолмен емдегеннен басқа вирусқа қарсы дәрі дәрмектерде қолданылады. Дұрыстап, сауатты емдемесе кейбір сүйел түрлері қатерлі ісікке айналуы әбден мүмкін.  Міне осылай, Еріккен қолданушы ! Еріккен болсаң да өте орынды пікір айтыпсың! Бірнші дәрігерге қаралған өөөте дұрыс шешім!
Дұрыс айтасыз, қазақтар десек өзімізге де тиіп кетеді, "сүтпен берілген менталитет, сүйекке біткен"...
+2 дауыс
Ескі сүйелді былайша емдейді: үстіне алоэ немесе көк сабын ұнтағын салып, бетін клеенка не компресс (пергамент) қағазымен жабады да, жабысқақ  пластырь лентасымен орап қояды. Ал 3 г сүт қышқылы, 3 г салицил қышқылы және 24 г эластикалық коллодий қосылған сұйықтықты 3-4 апта бойына күнде жағып отырған жағдайда да жақсы әсер етеді. Ем жасалғаннан кейін 5-10 минуттан соң, ыстық сабынды сода ваннасына (0,5 ас қасық соданы 2 л сабынды суда ерітеді) аяқ-қолды салып, соңында сүйелді қырып тастайды. Негізі, терідегі қандай да бір ақауды жою үшін алдымен дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Ұқсас сұрақтар

...