+1 дауыс
80.6k көрілді
Сүйел адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі  заттар арқылы да жұғады. Бұл тегіс емес, мүйізді қабаттармен жабылған эпидермалық түйіршіктер , тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде, сары-сұр түсте байқалады.
Емдеу жолы: Сүйелдердің барлық түрінде қойылтылған сутек асқын тотығының ерітіндісін, 5 пайыз фторурацил майын сүйелдің сыртына жағуға кеңес беріледі. Әдеттегі сүйелдерді емдеуде ең жақсы әдіс – көмірқышқыл мұзымен не сұйық азотпен (криотерапия) мұздату әдісін қолдана отырып, 1-2 сүйелді кетірсе, басқалары да ізінше қайтып кетуі мүмкін. Саның көп болса жәй және жалпақ сүйелдерге магний тотықты 0,5-1,0 г күніне 3 реттен 2-3 ай бойы  қолданған жөн. Сондай-ақ, гипноздау да терапиялық нәтиже береді. Ем қонбаған жағдайда хирургиялық әдіске жүгінуге тура келеді.
 
«Денсаулық» журналы
 
 Ал енді менің кеңесіме құлақ түріңіз:
1. Жылқының құйрығының қылы қатты болады, соның бір талын сүйелге орап, тартып қалу керек. (Бұл – өте қорқынышты процедура)
2. Сүйелді Айға көрсету, қызғандыру. Білгіштердің айтуынша, сүйелдеріңізді  картоп крахмалымен үйкелеп, Ай жаңадан туған кезде оған көрсетіп «Менде сүйел бар, сенде жоқ» деп, артынша әлгі картопты жерге көміп тастасаңыз, Ай қызғанып, біршама уақыт өткен соң құтыла алмай жүрген пәлекетіңізді «тартып алады-мыс». (Менің тәжірибемде бұл нәтиже бермеді)
3. Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп адам аяғы баспайтын жерге тастау.
4. Жиіркенішті процедура (бірақ, нәтиже береді дейді білгіштер) : сүйел шыққан жерді несеппен 3-7 күн  жуу.
5. Бұл ретте сізге қойдың ащы ішегі көмекке келеді. Қойдың ащы ішегін денеңіздегі сүйелге тигізіп отырып түйіндейсіз. Мәселен, 42 сүйел болса ішекті 42 жерден түйіндеуіңіз қажет. Одан соң ішекті ешкім баспайды-ау деген жерге апарып көміп тастайсыз. Әлгі ащы ішек шіріген кезде (шамамен 1- 2 аптада) сүйел де ізім-қайым жоғалады.
6. Маған көмектескен емдеу әдісі:
Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған аты өшкірлер жоғалады.
Ескерту: Жоғарыда аталған халықтық ем-домдарды жасағаннан кейін сүйелдің орнына «Сүйел кетті ме екен?» деп әдейілеп мән беріп қарауға болмайды!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүйел дегеніміз мүйізді қабықтармен жабылған эпидермалық түйіршіктер немесе тері қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде және сары, сұр түсті болып келеді. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі заттар арқылы да жұғады. Негізінен аталық және аналық деп екіге бөлінеді. Аталығы бір шыққан соң қайта шықпайды, ал аналық сүйел кетіріп тастасаңыз да, қайтадан шығып, мазаңызды ала береді.

Сонымен сүйелден қалай құтылуға болады?

‪1.‬Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырасыз. Матаға жағып, сүйелге таңып, байлап тастайсыз да, оны күніге ауыстырып тұрасыз.
‪2.‬Пиязды сірке суында екі сағат бойы ұстайсыз да, түнге қарай сүйелге таңып байлайсыз. Қатты тартасыз, шыдауыңыз керек. Осылай бірнеше рет жасасаңыз, сүйел тамырымен қопарылып шығады.
‪3.‬Ешқандай қоспасы жоқ кәдімгі борды сүйелге себесіз де, байлап қоясыз. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ, ылғалды, суды жоғалтпау керек.
‪4.‬Сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға беріңіз. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді.
‪5.‬Әжелер кеңесі. Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған сүйелдер жоғалады.

  Ескерту. Біз ұсынған кеңестердің барлығын бір мезгілде қолдана беруге болмайды. Ем-домды бір-екі рет қолданып көрген соң, нәтиже болмаса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

Суреттер:gp139.ru,prodetey.ru

Дайындаған
және бір амал, ол жана сойған қойдын ашты шегі деп жатады содан кішкене алып қанша сүйел бар сонша түйнек қылып байлап, адам көп жүретін жерге тастасаныз кетуі керек...
0 дауыс
оны тунде айга
 мактанып кетресін
0 дауыс
Менде шығып еді.Бір ашытатын дәрі бар.Соны 2-3 апта жақсаң жазыласың.
0 дауыс
сүйелді кетіру ушин темірдін коныр тотын колга байлап тастау керет марльымен
0 дауыс
  • Егерде сүйел көздің жанында шықса оны калай кетіруге болады
0 дауыс
Сүйелді кетіру үшін оның жоғарғы қабатын қатты жерін шамалап кесіп алып тастап сосын ұнды уксус қа араластырып сүйелге жұқалап жағасыз ол қатып өзі сүйелмен бірге түсіп қалады

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
9 жауап
0 дауыс
2 жауап
Айжан Әубәкір 17.10.2016 Тазалық сұрақ қойды
...