Сүйел дегеніміз мүйізді қабықтармен жабылған эпидермалық түйіршіктер немесе тері қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде және сары, сұр түсті болып келеді. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі заттар арқылы да жұғады. Негізінен аталық және аналық деп екіге бөлінеді. Аталығы бір шыққан соң қайта шықпайды, ал аналық сүйел кетіріп тастасаңыз да, қайтадан шығып, мазаңызды ала береді.
Сонымен сүйелден қалай құтылуға болады?
Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырасыз. Матаға жағып, сүйелге таңып, байлап тастайсыз да, оны күніге ауыстырып тұрасыз.
Пиязды сірке суында екі сағат бойы ұстайсыз да, түнге қарай сүйелге таңып байлайсыз. Қатты тартасыз, шыдауыңыз керек. Осылай бірнеше рет жасасаңыз, сүйел тамырымен қопарылып шығады.
Ешқандай қоспасы жоқ кәдімгі борды сүйелге себесіз де, байлап қоясыз. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ, ылғалды, суды жоғалтпау керек.
Сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға беріңіз. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді.
Әжелер кеңесі. Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған сүйелдер жоғалады.
Ескерту. Біз ұсынған кеңестердің барлығын бір мезгілде қолдана беруге болмайды. Ем-домды бір-екі рет қолданып көрген соң, нәтиже болмаса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
http://www.massaget.kz/bastangy/Zdorove/4023