+2 дауыс
4.0k қаралым

Қандай қызықты тәсілдермен болжауға, жорамалдауға  болады? Кез-келген  болжаулар )))

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жазғытұрым ұзақ қарға ерте келсе, көкек ерте шақырса — жаз жайлы, маусым мамыражай басталады, өнім мол болады. Қарлығаш жер бауырлап ұшса — жауын жауады, құмырсқа илеуінің аузын бекітіп, сыртқа шықпаса не көшіп орын ауыстырса — сел жүреді, ақ жауын жауады десе, өсімдік ағаштарының жапырағы күзде сарғаймай, көктей ерте түссе — сол жылы қыс қатты, қар қалың жауады деп жорыған. Ал ағаш жапырақтары сарғайып, уақытында түссе — қыс жайлы, отар аман, мал басы шығынсыз, қыстан жақсы шығамыз деп есептеген. Егер ит жанынан түлесе — қыс қысқа, ал бауырынан түлесе — қыс ұзаққа созылады
+1 дауыс
Мысалы, үйдегі тамақ ішетін шанышқы(яғни вилка) жерге түсіп кетсе, онда қонақ келеді деп! Бұл жорамал немесе болжауға келетін шығар...
+2 дауыс
Бала тоңқайса жол ашады, қонақ келеді. Үйде шай қасық түссе кішкентай қонақ, үлкен қасық түссе жасы үлкен қонақ келеді, ыдыс аяқ сынса қуаныш
Не де болса жақсылыққа жорыған дұрыс қой, жақсы сөз жарым ырыс деген.
0 дауыс

Үй төбесінен өрмекші өз жібімен асықпай салбырап түсіп келе жатса және бала тоңқайып, екі аяғының астынан қараса - қонақ келе жатқаны. Иттің ұлығаны мен үйге адамның жүгіріп кіруі - өлім белгісі. Сынған айнаға беру және сынған кесемен шай ұсыну - көңілсіздік пен уайым тілеу. Жан-жануарлар шулап кетсе және құстар ұясын жоғарырақ салса, құмырсқалар жерден көрінбей, жоғалып кетсе - ауа райының жаман жағына күрт өзгеруі. Көздің астының, алақанның қышуы және кездейсоқ "ақша ағашына" тиіп кету - ақшаға кенелу. Тырна көктемде қайта оралып келе жатса және сәуір айы туса - егетін мезгіл))) Күн күркіреп, найзағай ойнауы және жаңбырдың сіркіреуі - ауаның тазаруы мен жаман иістерден арылу. Түсіңде шындыққа ұқсас нәрсе көрсең - өңіңде орындалуы да орындалмауы да мүмкін. 

Менің болжамым: сабақтан келіп, бірден ұйықтап қалсаң - кешке "жата бергенше жұмыс істемейсің ба?" деп  басталатын үйдегілердің айқайы. Мектеп іші тып-тыныш болып қалса - мектепте ешкім жоқ. Мектеп іші ұлардай шулап, тыныш жер таба алмай қалсаң - үлкен, яғни 10 минуттық қоңыраудың басталғаны. Далада тек иттің ұлығанын естісең - түн ортасы болғанының белгісі. 29 қараша күнінің таң мезгілі - туған күнімнің өткеніне 1 ай толды деген сөз. Агентке кіріп қалғанда " бірдеңе"  ][-][ е П р О ч |/| "][" а ||-|[  ]|-|| ы ><   писем"  деген жазудың шығуы - СЖ сайтында сұрағыма жауап немесе пікір жазылды.

127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,166
пікір
73,057
қолданушы
...