+1 дауыс
Шашты қалай жылдам өсіруге болады?
12.05.2013 2.2k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Шаштың өсуі әрбір адамның табиғи жетілуімен байланысты. Сіздің қалауыңыздан тәуелді емес. Сол себепті басты назарды шаш күтіміне бұрғаныңыз дұрыс. Өйткені бар шаштың өзін жақсы күту оның өсуіне, әдемі болуына әсер етеді. Мысалы, шаш тарағанда оның ұшынан жоғары қарай тарап бастаған дұрыс. Әбден түбіне жеткеннен кейін тарағыңызбен 10-20 рет тұтастай тараған жөн. Ол бас терісіне массаж жасаудың бір тәсілі болып табылады. Терідегі қан айналымының дұрыс жүруі шаштың өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, тамақ ішу де шаштың өсуіне әсер етеді. Шашқа қажетті дәрумендердің болуы тамақтанумен байланысты. Сонымен қатар, химиялық қоспасыз сабындарды пайдалану да септігін тигізеді. Бұрын аналарымыз шашын айранның көк суымен жуған. Ол тазартып қана қоймайды, шаштың өсуіне тездетеді, табиғи нәр береді.
12.05.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы