0 дауыс
9.0k көрілді
Менің жасым 15-те,шашыда 2-3 тал ақ шаш бар,бұл неден болуы мүмкін?анам  болмайтын нәрсені уайымдайсын,депрессиядан дейді,жалпы ақ шаш  менің жасымда мүлде болмау керек емес пе?
Маған дəрігер уайымдағаннан ақ шаш шығады деген.

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Витаминнің жетіспеушілігінен,депрессиядан,уайымдан пайда болады. 
Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді.
Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы».
Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы албинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады.
Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/2464

шашка ак шаш тусуі ойлануданда болады брак 15 жастагы бала нені уаймдайды? тагы бір турі шаштагы ак талдар акиретте немесе кабрда нурга айналады деген создер бар! жаксылыктын нышаны болар иншалла
+2 дауыс
Судан және ауадан болады....
+1 дауыс
шашка ак шаш тусуі ойлануданда болады брак 15 жастагы бала нені уаймдайды? тагы бір турі шаштагы ак талдар акиретте немесе кабрда нурга айналады деген создер бар! жаксылыктын нышаны болар иншалла
0 дауыс
2-3 ақ тал болса жұлып тастай салсай))

Көп уайымдар да этиологиясының бірі шығар, бірақ шаштың ағаруының ең бірінші себебі витамин жетіспеушілігінен.

Балық етін, ет өнімдерін,  жеміс жидектерді, сүт өнімдерін (қүрт, айран, қаймақ) күндлікті рационында болса қайтадан бәрі орнына келеді. Менде тест жаттап көп ойланып кетсем шашымның түсетіні бар.
0 дауыс
ол да дұрыс шығар,сабақтан бас алмайтындай көп те оқымаймын,құдай қаласа қызыл куәлік аламын
0 дауыс
Мен де 15 темін басымда ақшаш менде де болған(дереу жұлып тастау керек қаптап кетеді) Жас өспірім шаққа ауыса бастағанда адам ашуланшақ болады, содан шығады! немесе полюция!
0 дауыс
Мен 14темин ак шаш кадимгидей кобейип келе жатырм нестим
...