+1 дауыс
21.7k көрілді
Адамға ақ шаш неліктен шығады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаш неге ерте ағарады?
Темір де тозады. Оған қарағанда ет пен сүйектен жаралған адам тәнінің қартаюы қалыпты нәрсе. Қарттық әуелі біреудің отыз екі тісін алады. Екінші біреуді көзден, үшіншісін құлақтан, одан кейінгіні аяқтан алуы ғажап емес. Бірақ қарттық бір күнде келмейді. Әр күн – қарттыққа қарай жасалған бір адым. Егер айна алдында тұрып, шашыңыздан немесе самайдан бір тал болса да ақ көрсеңіз, ол– қарттықтың келе жатқанынан сізге ширек, тіпті жарты ғасыр бұрын жасалған «ескерту» деп біліңіз.
Ерте ме, кеш пе, түбі кім-кім­ніңде алтын басын ақ басары анық. Ғалымдардың зерттеуінеқара­ғанда, адам шашының «өмірі» алты жылға созылады екен. Алты жыл­дан соң, өлі шаш түсіп, оның ор­нына жаңа шаш шығады. Шы­ғыс медицинасы ақ шаштың пайда болуын бүйректің сырқатта­нуы­мен байланыстырады. Кей елде ақ шаш – ақылдылықтың нышаны ре­тінде бағаланады. Жалпы, са­майын қырау шалып, сақал ша­шына қылаңдап ақ кіре бастаған еркекті әйелдер жақсы көреді. Өйт­кені бұл – ер азаматтың ақылы толысып, дүниеден өз орнын тауып, кемелденген, екінші тынысы ашыл­­ған, дер шағы. Негізінен, шаш­қа алғашқы ақ түсетін кез – 30-40 жас аралығы. Мұқағали ақынның:
Солайда солай қарағым,
Таңданып неге қарадың?
Шашымның санап әр ағын,
Отыздан асып барамын, – дей­тіні де сондықтан.
Алайда шаш бір сәтте ағарып кетпейді. Өлім жазасына кесілген адамға «ертең үкім орындалады» деген хабарды жеткізген соң, бір түнде шашы аппақ қудай болып кетіпті-міс»деген аңыз ежелден айтылады.Бірақ ғылымда қазірше дәл сондай оқиғаны тіркеп, оның себептерін анықтағаны туралыақ­парат жоқ. Кімнің де болса ең ал­ғашқы ақ шашты көрген сәтінен бастап, шашы түгел ағарғанға дейін ширек ғасырға дейінгі уақыт өтуі мүмкін екенін жоғарыда айт­тық. Десек те, бүгінгі күнде мектеп жасындағы баланың шашына ақ араласқанын көріп таңғалмайтын болдық. Бұл – компьютер мен техникасы дамыған заманның адам ағзасына беріп жатқан кері әсері ме, әлде тозған экологияның көрінісі ме, оны ғалымдар мен дәрігерлер анықтай жатар. Бізге белгілісі, шашқа ақтың ерте ара­ласуы атадан балаға берілетін генге де байланысты екендігі. Кейбіротбасының бесіктен белі шықпа­ған балаларының басын ақ қырау ша­лып жатса, бұл не тұқым қуа­лаумен келетін ерекшелік немесе бұл отбасында шаш түбі нәр ала­тын тағамдар аз қолдалынуы мүм­кін екен. Бұл ақпараттар http://dinislam.kz/news/2009-04-16-964 сайтынан алынған.
0 дауыс
Бір нәрсені уайымдап,ойлап күйзелгендіктен және қатты ашуланғандықтан
0 дауыс
Төмендегі жауаптармен келісемін! ж\е кейбір адамдардың Тұқымында болады! Мысылы: менің бір туысқанымның папасының шашы кішкентай кезінен бастап ағарған, енді соның қызының шашыда ағарды 13 жасынан бастап, ол жаста ода қандай уайым болсын.
Меніе жасым 12-де менде де аш шаш бар маған дəрігер уайымдаганнан,жынданганнан дейді
0 дауыс
!!Салеметсиздерме! Менин жасым 19 да менде ак шаш туылган кезимнен бар коп емес бирак коринип турады егер карага боясам агарып кетпейдыма? Жауабын айтыныздаршы отиниш!
0 дауыс
Менде жана ғана шашмнан ак шаш тауып алдым ужссс
...