+1 дауыс
1.4k көрілді
Менің інім мысық туралы ғылыми жумыс алғысы келеді, дегенмен материал жетіспей тұр, көмектеріңіз қажет еді

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=99317 Сілтемені қарап шығуды ұсынамын. Пайдасы тиетініне шүбәм жоқ.

0 дауыс
Егер жұмыс үстеліңізде мысықтар мен күшіктердің суреттері тұрғанын көріп жаныңыздағылар жақтырмай жүрсе, оларды мына жаңалықтан хабардар етіңіз: "ұсқынсыз" жануарлардың суретін көріп жақтырмаған кейіп танытатын жандардың эмоциясы басқалардың еңбек өнімділігін арттырады. Сол сурет туралы жағымсыз пікірін айтқан адам жанындағы әріптесінің жұмыс белсенділігін арттырып отырғанын сезбейді де. Бұл жөнінде Хиросима университетінің ғылыми орталығының қызметкерлері жария еткен.

Ғалымдар студенттерді бірнеше топқа бөледі. Бірінші топтағы студенттерге әдемі мысықтың балалары мен күшіктердің суреттерін, ал екінші топтың студенттеріне үлкен мысықтар мен иттердің суреттерін көрсеткен. Артынша қай суретке көп қаралғандығы анықталған. Зерттеу нәтижесінде бірінші топтың студенттері қарсыластарын артта қалдырған.

"Біз өз зерттеуіміз арқылы жылы жүзді жануарлардың суреттеріне қарағанның арқасында жұмысты тиянақты аяқтауға болатынына көз жеткіздік", - дейді жапон ғалымдары. Оның үстіне олар осындай суреттерге қарау арқылы адамда қоршаған ортаны сүю сезімі де артатынына шүбә келтірмейді.
0 дауыс
Статистикаға сенсек, үйлерінде мысық ұстайтын адамдар мысығы жоқтарға қарағанда дәрігерге 5 есе аз қаралады екен. Жүрек қан тамырлары аурула­ рымен ауыратын иелерін жүрек талмасы мен қан тасуынан сақтап қалған мысықтар туралы көптеген аңызға бергісіз әңгі­ мелер айтылады. Мысық талманың алдын алуға көмектеседі. Иесі ашуға булыға бастағанда олардың асырандысы қасынан табылады. Ағылшын дәрігерлері «мысық инфаркт миокардының қайталанбауына оң әсер етеді» деп отыр. Егер осындай кеселді басынан өткерген адам біршама уақыт бойы мысықты сипап отырса, қан қысымы мен тамыр соғысы қалпына келеді. Сондай-ақ, мысықты сипалау ас қорытуды қалпына келтіреді. Күйзеліс пен шаршаған жағдайда да мысықтың пайдасы зор. Зоотерапияны зерттеушілер бұл орайда мысықтың түсі де шешуші рөл атқаратынын айтады. Біз қап-қара мысық алдымыздан кесіп өтсе, үш рет айналып, «жолымыз болмайды» деп болжап жүрсек, қара мысық адамның бойындағы жағымсыз энергияны басқа түстегі мысықтарға қара­ ғанда көбірек сіңіреді екен. Сары мысықтар өздері жағымды энергия бөледі, ал аспан көк түсті мысықтар тыныштандырады. Аппақ мысықтардың бойында емдік қасиеттері көп болғандықтан, Ұлыбританияда оларды арнайы дәріханаларда сатады. Мысықтың алаңсыз пырылдағаны иммунитет көтеруге көмектесетінін, пырыл мен ультра­ дыбыстың ұқсастығынан болар, жараның тез жазылуына әсер ететінін де зоотерапия ғылымы дәлелдеп отыр. Дәлдіктің символы саналатын неміс ғалымдары мысық ұстаған адамдардың өмірі ұстамағандарға қарағанда 10,3 жыл ұзағырақ болады деген болжам айтқан
0 дауыс
Мен Ғылыми жоба алғанымда алғашқыда дәл осылай айтқан болатынмын. Типа менікі тың тақырып анау-мынау деп. Негізі бұл өз-өзімізді алдау. Кез-кезген тақырып бойынша Ғылыми жоба қорғау және оны жазуға болады. Мәліметте табуға болады. Бірінші Ғылыми жобаға өте қызықты тақырып аласыз, бұл өте маңызды. Артынан оны ашып көрсету үшін оны бөлімдерге бөлеміз.
кешіріңіз мен тек материал толықтыру үшін көмек сұрағам, ал ғылыми жумыстың  қандай шарттармен жазылатындығын мен білемін.Бірнеше рет ғылыми жұмыстарға қатысып жеңімпаз болғанмын, тек тез арада жазу керек болғасын көмек сұрағам.
...