0 дауыс
301 көрілді
Мен 1998 жылдан жумыс істеймін.2010 жылға дейін жаксы жумыс істедік,тыныш болды,сол жылдан бастап улкен ,кіші бастыктар ауыса бастады содан жумысымыз кері кете бастады.Аныгын айтканда улкен бастыктан кейінгі бастыктар туысканын жумысқа ал деп адамдарын жібере бастады,ал мен жұмыс мұрнына бармайтын адамды қалай аламын.Енді бір кате кетсе жұмыстан шығарамын деп  кезек кезек корқытады АЙТЫНЫЗДАРШЫ НЕ істеуге болады.

2 жауап

+1 дауыс
Сіз бастығыңыздың кабинетіне кірерде видео н/е аудио записті қосып кіріңіз, бастығыңыз жаман әнгімелерін айтқанда басылып қалады, сосын 104 ке сенім телефонына хабарласып видео н/е аудио записті көрсетіңіз.
0 дауыс
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де тұлғалар мен ұйымдар;

13-бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы (ол бар болған жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзіндісі немесе ұйымның басшысы (жұмыс беруші) куәландырған (қол қойған) не нотариатта куәландырылған қызметтік тізімі (қызметкердің жұмыс, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) болып табылады.
Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

20-бап. Өндiрiстiк қажеттiлiк болған жағдайда
басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

Өндiрiстiк қажеттiлiк болған, соның iшiнде жұмыста болмаған қызметкердi уақытша ауыстыру керек болған жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкердi оның келiсiмiнсiз бiр айға дейiнгi мерзiмге еңбегiне атқаратын жұмысы бойынша, бiрақ бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында келiсiлмеген және оның денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн сол жердегi, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндiрiстiк аварияның алдын алу немесе оларды жою немесе олардың зардаптарын дереу жою үшiн, жазатайым жағдайларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн жол берiледi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

21-бап. Iркіліске байланысты уақытша басқа
жұмысқа ауыстыру

Жұмыс берушiнің iркiліс жағдайында қызметкердi мамандығын, бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн басқа жұмысқа өзінің келiсiмiнсiз күнтізбелiк жыл iшiнде бір айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға құқығы бар.
Iркiліске байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарында белгіленедi, бұл ретте ол қызметкердiң бұрынғы жұмыс орнындағы орташа айлық жалақысының үштен екi бөлiгінен кем болмауға тиіс.
Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

22-бап. Бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа уақытша
ауыстыруды шектеу

Iркiлiс кезiнде және жұмыста болмаған қызметкердi алмастырған жағдайда бiлiктi қызметкердi бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа қызметкердiң жазбаша келiсiмiнсiз ауыстыруға жол берiлмейдi.

23-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша
ауыстыру

1. Белгiлi бiр жұмыс берушiде еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсiптiк ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне байланысты, қызметкердi жұмыс берушi еңбек қабiлеттiлiгiн қалпына келтiргенше немесе мүгедектiгi айқындалғанша бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстыруға мiндеттi. (P010326 қараңыз)
2. Қызметкер неғұрлым жеңiл басқа жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда онымен еңбек шарты бас тартқан кезден бастап бұзылады.
3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылады.

24-бап. Мүлiктiң меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші
қайта ұйымдастырылған кездегі еңбек қатынастары

1. Жұмыс берушінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (мәртебесi) не ведомстволық тиесiлiгi өзгерген жағдайларда еңбек қатынастарының қолданылуы тоқтатылмайды.
2. Мүліктің меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде еңбек қатынастары өзгерістерсіз жалғастырылады. (K941000 (46-бап; 48-бап; 51-бап қараңыз)
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
...