0 дауыс
837 көрілді
Сәлеметсіздерме? Маған жеңіл әрі оңай қызықтыратын бір дәм ас үйретіңіздерші. Мен жатақханада тұрамын мүмкін болса газға пісетін нәрсе, сіздерден өтініп сұраймын, срочно

8 жауап

+1 дауыс
жумыртқа оған калбаса, қызанақ қосып қуыруға болады сонда күшті..
+3 дауыс
«Ер адам дайындаған, екі кісілік омлет немесе қуырылған жұмыртқа»

Ол былай дайындалады: Ас үйге кіріп, мұздатқышты ашып (мұздатқыш дегеніміз ас үйдің бір бұрышында тұратын ашылатын есігі бар шкаф тәрізді зат, бір ерекшелігі тоқ көзіне қыстырылады, сосын аздап ыңылдап дыбыс шығарады) ішінен жеті жұмыртқаны алып шығамыз (қолыңыздан түсіп кетіп жерге жарылған жұмыртқаларға мән бермеңіз, қалғандарын да жарып алуыңыз мүмкін), сонымен табаға (таба – конус формасындағы жалпақ ыдыс, көбіне тамақ пісіруге қолданылады, рас кейде оны да оқтау секілді суық қару ретінде пайдаланады) 0,09-1,6 мм деңгейін де май құйып, отқа аздап қыздырамыз, сосын жұмыртқаны жарып (ол енді өте үлкен өнер, қабырғаға немесе басыңызға ұрып жүрмеңіз) ыдыстың ернеуіне ұрып қалыңыз (сыртына шашыраған, жерге төгілгендерге қиналмаңыз, әлі артық төрт жұмыртқаңыз бар емес пе) екінші немесе үшінші мәрте қайталағанда жұмыртқаңыз ыдысыңыздың ішіне түсетін болса онда өзіңіздің аспаздық талантыңызға еш шүбә келтірмеңіз (Жігіттер!!! білесіңдер ғой әрбір іске нық сеніммен кірісу керек). Сосын қалауыңызға байланысты 237 ден 347 түйіршікке дейін ас тұзын салу керек (Ас тұзы (натрий хлорид, NaCl) ас үйдің бір жерінде тұратын ақшыл ұнтақ, негізінен ас үйде оған ұқсас заттар көп болады, шатастырып алмаңыз, мысалы: қант, ас содасы т.б.).
Енді ең күрделі жеріне келдік: Оның пісу уақыты, (оны ешқандай ақыл-оймен, қазіргі жетіп отырған ғылыми-техникалық жетістіктермен білу мүмкін емес) оны дәл білу үшін әйел адам немесе ерекше жаратылған (көріпкел, ғарышпен байланысатын, экстрасенс немесе көне мая тайпасының білімін меңгерген) тіршілік иесі болу керек. Ғайыптан тайып уақытын дәл біліп (немесе күйіп кеткеннен кейін) өшірдіңіз делік, енді қалаған адамыңызды шақырып, асыңызды жей берулеріңізге болады.
Сіздің осыншама тырысқаныңызды көріп шақырған адамыңыз сіздің еңбегіңізді бағалайды ғой деп сенемін (әңгіме көңілде ғой) Астарыңыз дәмді болсын!!! (ерінбей-жалықпай аяғына дейін оқып шыққаныңызға рахмет)

Ақпарат мына жерден алынды: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/292.html
Кім жазса да мықты жазыпты. Мұздатқыштың сипаттамасын қатырыпты)) Сол үшін +1))
Авторы: VVVWWW атты Сұрақ-Жауап және Айтабер сайттарының тұрақты қолданушысы.
тағы білсеңіздер айтыңыздаршы
0 дауыс

Жұмыртқаны жарып, араластырып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып тағы араластыра түсіңіз де алдын ала турап қойылған наныңызды араластырған жұмыртқаға аударып алып майға қуырып алыңыз. Тойымды.

Пы/сы: түнде тамақтану семіздікке бастайтын бірден-бір жол! Есікке сыймайтын хәлге жетсеңіз, менің кінәм емес)))

рахмеееееееееееееееееет
0 дауыс
Юмуртка ең оңайы!!!!!!!!!!
0 дауыс
Жақсылап картоп қуырсаңыз да болады ғой.Немесе мен кеше картоппен капустаны етпен бұқтырғам өте дәмді болады.
+1 дауыс

Ең оңай дайындалатын тамақ "бич пакет", үстіне бір кесе ыстық су құя саласың да бес минуттан соң жей бересің.

0 дауыс

Роллтон 

25 әріп

(25 әріптен кем болмасын)
0 дауыс

асы тағамның жасалу жолы келесі сілтемеде- дәмді әрі тез

http://www.gourmania.kz/2014/05/rozyizsloenogotesta.html

...