+1 дауыс
638 көрілді
Жігітке аспаздық жарасама?
Мейлі жарасады десек ол қаншалықты, негізі тамақтың түрлерін еркек заты ойлап тауып жатыр емес пе? Ал неге жігіттерге асханаға кіруге болмайды? Тыйым салынбаған ғой.

15 жауап

+2 дауыс
Жарасады, тамақты дәмді жасаса әрине)))
0 дауыс
Жараспайды.....
+1 дауыс
Өз басым жігіттердің асханада жүргенін жаратпаймын.
0 дауыс
Істей білу керек, бірақ ол қажет емес. Еркек адам мықты, әйел ісіне араласпайтын, джентльмен болу керек!!!
0 дауыс
Менімше жараспайтын секілді.Ас әзірлеу әйелдің жұмысы
+1 дауыс
Нағыз жігітке жараса береді. Жігітке жеті өнер де аз.
+2 дауыс
Жарасады, және олар әйел адамның пісіргеніңдей емес одан ерекше қылып пісіреді) Кейде папамның көңіл күйі керемет болғанда балық тағамдарын пісіргенде дәмді болып шығады)
+1 дауыс
Әрине жарасады,Адам өзінің қалаған ісімен айналысуы керек.Аспаз болсаң қарның тоқ жүреді деген әзіл бар ғой.
0 дауыс
Бұл пікірталас болып кетіптіғой. Негізі мен де ер баламын. Ер адамға тамақ жасау еркек жағынан жараспайды. Бірақ жігітке жеті өнер аз дегендей, тамақ жасағанда тұрған ештеңе жоқ. Мысалы өзбектерде күрішті тек ер адамдар ғана басады. Қолыңнан өнер тамып тұрса несі жаман?Оның үстіне үйіңде әйелің болмай қалса, өзің іше бересің, жасап. Үйде әйелім жоқ деп аш отырмаймызғой.
+1 дауыс
мамандықьтың жараспайтыны болмайт ең бастысы шебері болса болды ғой.
0 дауыс
Әркімнің пікірі әр түрлі ғой. Өз басым жігітке аспаздық жарасады деп ойлаймын. Себебі, нағыз жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болады емес пе?
+1 дауыс
Жарасады.Көбі айтады тамақ дайындау ер адамның ісі деп, бірақ етті турауға ер адамның қолы керек. Ер адамдар тамақты дәмді жасайды, көптеген атақта аспаздардың  ер адамдар болуының өзі соған дәлел.
0 дауыс
"Самые лучшие повара - это мужчины" деген сөз бар. Барлық жақсы мейрамханаларда шеф-повар ер адам болады. Мен де үйде тамақ пісіре берем. Сондықтан, оның еш ұяты жоқ.
0 дауыс
Негізінде қыздардан жігіттер тағамды жақсы дайындайды деп естігем.
0 дауыс
жарасады деп ойлаймын
...