+1 дауыс
4.3k көрілді
Мен некеге тұрғым келеді, бірақ ата-анам қарсы, енді не істеген дұрыс?

7 жауап

+1 дауыс
Сіздің некелесуіңізге қарсы ма? Әлде некелескіңіз келеген адамға қарсы ма?
0 дауыс
Некенің үкімі мубах (рұқсат) және оның шарттары бар. 1. Ата-анасының ұлықсаты  егер олар болмаса жауапты адамның рұқсаты керек. Неге? Себебі: әуелі аялап өсірген ата-анаға құрмет, екіншіден, танымайтын екі адам бірігіп отбасын құру өте күрделі және маңызды мәселе. Олар дұрыс шешім шығару үшін  жақсы кеңеске, дұғаға, тәуекелге т.б. қосымша мағұлматтарға мұқтаж. Жалаң сезімге сүйеніп шығарған шешім дұрыс нәтижесін бере бермейтінін көзіміз көріп жүр.

ақпарат мына жерде http://www.namys.kz/?p=13946
0 дауыс
Негізі ата-ана разылығын алған дұрыс. Бар амалдарды істе. истихара оқы, Аллахтан дұға ет. мүмкін оларға уақыт керек шығар.
0 дауыс
Қарсы болуға себебі болса, некелеспеген абзал. Ата-ананың оң батасын алып үйленгенге не жетсін.
0 дауыс
Ата-анана сенимсиз болып коринетин шыгарсын.
0 дауыс
жауаптарды оқып жүрегім аурып кетті,жеті уйықтасамда түсімде көрмеген жігітпен кездесіп ата анам қарсы болды сондада тыңдамай турмысқа шықтым,тәубә аллаға шүкір кәзір бақытты отбасым бар ол өзіңізге байланысты егерде ол жігіт жақсы,адамгершілігі мол адам болса,өзің сүйіп тұрсаң ата анаң түбінде сізге батасын береді,ол үшін сіз қандай жағдай болсада шыдаймын күйеуімнің жаманын жасырып,жақсысын асырамын десең болды егер бір біріңізді сүйіп тұрсаңыз сәттілік
0 дауыс
егер сүйген қызым өзімнің туған құдашам болса және оған ата анам қарсы болып жатса не істеймін? Не істерімді білмей қиналып кеттім, ешқайссында ренжіткімде, жоғалтқымда келмейді......

Ұқсас сұрақтар

...