+3 дауыс
4.0k көрілді
Кейде құрбылармен отырып жiгiттер туралы әңгiме қозғаймыз. Жақсы жiгiттi қалай тануға болады деген такырыпта. Бiреуi нағыз жiгiт екi сөйлемейдi, уәде берсе мiндеттi түрде орындайды дейдi. Бiреуi әскерге барып келген жiгiт нағыз жiгiт дейдi. Сiздер қалай ойлайсыздар, нағыз қазақ жiгiтiне қандай қасиеттер тән? Жақсы жiгiттi қалай тануға болады?

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы жігіттербар.Бір-екі күнде жігіттің қандай екеннің байқайға болады.

Бірінші, жүріс-тұрысына , екінші ,сөйлеген сөзіне, дауыс-ырғағына ,ішкі жан-дүниесіне ерекше назар аударамын.

Шынымды айтсам, мен үшін таныс емес адамның сыртынан гөрі ,ішкі -жан дүниесі қатты қызықтырақ.Ол бір сол адамның жабық қазынасы секілді.Сыртай көре алмайсың. Қазіргі жігіттеріміз,қыз қылықты болмаса екен деймін.

-"нагыз жiгiт екi сойлемейдi, уаде берсе мiндеттi турде орындайды"-ия дұрыс қой осындай болуы керек.Бірақ қазіргі жігіттер ҰМЫТШАҚ...Берген уәдесің естең шығарып, сосын- Ой кешір...ұмытып кеттім);

-шыныққан болуы керек қой! Жігіт онда қызды қалайша  қорғайды !

Ап-арық жігіттерді ұнатпаймын,айып етпеңіз;

Мысалы, қыздар әдемі болу үшін не істемейді дейсіңдер,маска жағу,шашын тарап-күту,таза бет,т.б.;

-Үлкен-кіші демей құрметтеуі,қыз баланы құрметтеуі;

-Білімді,сауатты,екі тілде сөйлей алатын,жан-жақты болуы;

-Ұрысқақ ,санасу ,ұсақ-түйекке бола ұрысу;

-Мынадай әдеттері бар,таныс па?)))



Меніңше,бұл ҚАЗІРГІ нағыз жігіттің қасиеттері болуы керек.Қателесем, пікір қалдырып айта отырыңыздар)
Айтқаныңның бәрі дұрыс екен,менің бойымдағы жаман қасиетім бар,ол сен айтқан Ұрысқақ,санасу дегендей,өзгелерден сөз естігім келмей біреулермен көп ұрсысам(мысалы мұғалімім ұрысса соған міндетті түрде сөз қайтарамын),осыдан құтылғым ақ келеді,бірақ құтыла алмай келемін
Студент болған сон ұмытпақ түгіл ұмытасын Мадриттің фанаты
Жақсы болар еді )))))
Рахмет сіздерге!)
+3 дауыс
Өз сөзінде тұратын, намысшыл, болмайтын нәрселер үшін ашуланбайтын, жаны таза, арада сыйластық,  жүрегі тек сен деп соғатын жігіт болуы керек шыгар! Жігіттердің де Тентегі де, Аңқаулары да, Ақылдылары да бар! Өз басым көбінен көнілім қалған,((
+1 дауыс
Ең бастыысы мен сияқты болмауы керек, эгоист......
Значит сен өзіңді нағыз жігітпін деп есептемейсің... солай ғой)
у вы... солай, Гүлжан, солай...
"Делай вид что уважаешь себя,тогда и окружающие станут уважать тебя"
+1 дауыс
Ең бірінші, ол - жігіт деген атқа әбден лайық болуы керек. Ал жігіттіктің дәлелі - жігіттің мінезі мен ақылында, іс-әрекетінде жатыр деп білем. Мен жігіттерді осы нәрселерімен бағалаймын. Ал жігіттік мінез адалдық пен намыстан тұрады. Бұл жігіттерді тануда индикатор іспеттес.

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/5322  мына жерден көрініздер
+1 дауыс

..."Ғашықтық" деген сөз бала кезімде ертегі,жырлардан құлағыма шалынды. Бірақ ертегі ,жырлардағы өмір де,адамдар да бізден бөлек,биік көрінетін де,олардың бойындағы алапат от сезімдер де біздің кішкентай бойымызға сыймайтын. Көңілімде көмескі,бұлдыр арманым бар. кейде сол тәтті қиялға айналып әжептәуір жерге алып та кетеді." Ішің бәрін біледі" деп мазаңды алып,денеңді қыздыра бастаған табиғаттың оты... 

... Мен сырт көзге сабырлы көрінгенмен, ішімде талай пәле жатыр. Қабақ астынан жігіттерді сынайтын әдетім бар. Сыртыма шығармасам да,іштей өзіме өлшеп көрем. қайсыбіріне "кет әрі" емеспін, әйтсе де көңілім жыға құлаған бірі жоқ. басқа , өзге біреуді күтем.кімді күтетінімді анықтап білмесем де , әйтеуір,бір аңсайтын адамым бар. Көптің бірі емес, кісі ұялтатын қытықты сөздерге бармайтын ,"қарындас" деп сызылып бастап, "жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір" деп суыртпақтамайтын, еркелігімді ұғатын, әзілімді түсінетін,ашуын ақылмен басып, өкпесін мейіріммен тарқататын Арман-Алпамыс ақыры жолықпады -ау!

....ақылды әйел еркекпен бедел салыстырмайды,еркелеп отырып,өз ығына жұмсайды. Әйел үшін күйеуге тию-көп мақсатың ішіндегі ең күре мақсат. Оны мойындамау, намыс санау адам бойындағы жалғандық. Табиғат  алдындағы міндеттен қорынбау керек. 

...Қыз бала өз ұнатқан адамның қандай екенін, қаншама жанын сап зерттесе де, ешқашан алақанындағыдай анық-қанық біле алмайды. Қыз қанша қу болғанмен, жігіт те оп-оңай алдырмайды. Қыз көңілін қарату үшін қай жігіт қулық жасамайды,қайтіп бар талантын жұмсамайды?? мөлшерді анықтай алатын жалғыз  таразы жүрек.  

...талай жігіт сөз айтты,ешкімге бой бермедім. Есейе келе жігіттің бәрі Қозы,қыздың бәрі Баян еместігіне көзім жетті. Қыз атаулының бәріне қиялдайтын ұлы еркек керек, алайда ондай еркек жоқ. соны сезіп сәби арман сабасына түскендей. Қиялдаған көңілім жай жақсы жігітті де қанағат  қылғандай. 

Қозы,Төлеген, Ромеолар несімен мықты дейсің? олардай еркек мың,миллион. Тек олардың тәмәм еркектен артықшылығы Баян мен Жібектің, Жульеттаның  махаббатында. Сол қыздар болмаса көп батыр еркектің бірі. "Ер бақыты -әйел",  "Әйелі жақсы болмай,ер оңбайды". ..

...Кұшті махаббат күштілігімен кешіре алмайтын тәрізді,өзі таза адам, ғашығынан да сондай тазалықты талап етпей ме?? Махаббатта мың тарам жол, миллион түрлі тағдыр болады. Сыйламайтын апдамыңды сүю  мүмкін емес.. Адамды кемшілігімен қоса сүю-шынайы махаббат. 

(жоғарыдағының бәрі ерлі-зайыптылар кітабынан алынды) не айтқым келгенін түсінген боларсын...

 

...