0 дауыс
262 көрілді
Мен диссертациямды шетелде қорғадым, алған ғылым дәрежемді Қазақстан Республикасында қалай тануға болады?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесіне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21 - 22 - тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, күндізгі оқу түрінде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімі өтеді. Шетелде де Қазақстан Республикасында да өткен аспирантура (докторантура)  бағдарламасы ескеріледі.

...