0 дауыс
3.5k көрілді
Менің бір жастағы қызым қайтыс болды. Соған арнап өлең шұмақтарын қайдан табуға болады?Өтінемін көмектесіп жіберіңізші!

3 жауап

+3 дауыс
Қайғыңызға ортақпын!

"Өлген артынан өлмек жоқ" деген, жасқа толып кеткен періштеңізге өлең арнау арқылы сіз өзіңізді одан сайын қайғыға батырасыз ғой. Мүмкін болса көп қайғыра бермегеніңіз жөн, ол сәбиіңіздің аруағына ауыр тиеді.

Өз-өзіңізді қолға алып, батыл болыңыз.
+2 дауыс
Бұлданба, жүрек, бұлданба!  

Жиылып досың тұрғанда,  

Жиырып сені жентектер,  

Жымысқы қайғы-мұң бар ма,  

Бұлданба, жүрек, бұлданба!

 

 

Қызығы тайып, қызы өлген,  

Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда?!  

Қыс қайтып, жасыл көктемде, —  

Қызғалдақ өсер қырларда.  

Өкініш айтып өткенге,

Бұлданба, жүрек, бұлданба!

 

Сары алтын дейді сабыр іс,  

Тепкілей берме, өкпемді.

Қыз деген құрғыр сағыныш,  

Сағынту үшін кеткен-ді.  

Бұлданба, жүрек, бұлданба!

 

Мұқағалидан бірнеше өлең ұсынайын, өзім ақындығым шамалы
МАЙГҮЛГЕ

Қалақтай едің,
Қабіріңде қалақ тұр.  
Туғанынды, өлгенінді санап құр. 
Сенін аңқау құлағындай қалқиып, 
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.

Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым!
Жатыр молаң жотасындай қояннын.  
Құлпытастың кұны маған бес тиын,
Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!
 
Қойман, ботам.
Керегі не көк тастың.
Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын.  
Өзің келген май айында ақ нөсер,  
Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын.  
Керегі не көк тастың.
 
МАЙГҮЛІМЕ

Ол өмірге келгенде көктем еді,
Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді.  
Саялатып сал самал өпкен еді,
Сол өмірге несіне өкпеледі?!

Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Ал өмір оны сыртқа теппеп еді.  
Қайғырмаймын, жырым ғой жазылмаған,  
Күрсінткені болмаса текке мені.

Күрсіндіріп кетті ғой текке мені...
Дей алмаймын өмірге ол өкпеледі.  
Қойшы, тәйірі, осынау ит өмірге  
Текке келіп, адамдар текке өледі.
Жер астына жем керек түзден кейде,  
Жүздер өтіп өмірден, жүз келмей ме?  
Қойшы, тәйірі, даланың  раушаны
Көктемде өсіп, осылай күзде өлмей ме?!
0 дауыс
иншАллах арты қайырлы болсын!бейкүнә сәбидің жаны жұмақтын төрінде болғай!!!
...