Тамақтану режимін бұзбай, уақытылы құнарлы тамақтанып жүрсен ешқандай да авитаминоз (витаминнің жетіспеуі) болмайсын. Егер денсаулығыннан қандай да бір өзгеріс болса, өздігіңнен витамин ішпей, терапевттен консультация алған дұрыс. Дәрігерге барудан қорықпандар, бірден ауыртып укол салмайды ғой))) Ауырған жағдайда да "қазір өзім тәуір боламынға" салмай, жедел жәрдем шақырта беріндер, олар науқастың жағдайы жақсармай кетпейді, науқасты ауыр жағдайда тастап кетпейді ешқашан. Сол жерден алғашқы көмек көрсететі, егер нәтиже болмаса ауруханаға тасымалдайды.
Сұрақтан ауытқып кетіппін ғой... Нақты мына витамин жетіспесе мынадай да мынадай болады деген тұрақтылық жоқ, әсіресе қазіргі кезде. Әр адамның организмі әр түрлі, бір дәруменнің жетіспеуінен барлық адамда бірдей өзгеріс болмайды, әр адам индивид дейді ғой психологияда да.
Адамның жасына, жынысына, антропометриялық ерекшеліктеріне, яғни, конституция типіне байланысты, қан тобына, тұқым қуалаушылығына, бала кездегі ауруларына, даму ерекшелігіне, құрсақтағы даму ерекшелігіне байланысты әр адамның организмі әр түрлі.