+2 дауыс
37.2k көрілді
Мен бас әрпі В деп басталатын бірнеше витаминдерді білемін. В1,В2, В3 , В4солай солай В12 мен аяқталады ау. Алде В13 те бар ме екен? ! Енді осы В тобындағы дәрумендердің атқаратын қызметі қандай? Қайсысы неге пайдалы? Қайсысын қайдан таба аламыз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тамақ құрамында  В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

В1 витаминi (тиамин ) ағзада дұры  зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Организм тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 витаминін көп қажет етеді.

В2 витамині

В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

В5 витамині А коферментінің құрамына кіреді (ферменттердің белсенділігін танытуға қажетті ақуыздық емес органикалық қосылыс). Ацетилдену және тотығу процесінде маңызды рөл атқарады. Көмірсу және май алмасуына әрі ацетилхолин синтезіне қатысады.

В6 витаминi

В6 витаминi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин ағзада жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

В9 витамині тіндер өсуі, пролиферациясы даму процестерінің қалыпты жүруі, оның ішінде қан түзілуіне эмбриогенез үшін қажет, ойлау және дененің жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады, асқазанда тұз қышқылы өндірілуін көтермелейді.

В12 витамині

В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

В15 витаминi

В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

+2 дауыс
Көркем қыз! В-13 деген витамин жоқ )) В витаминдер тобы адам организмінде ас қорыту, зат алмасу процесстеріне қатысады.
...