+2 дауыс
52.8k көрілді
Көмектесіңдерші))) шашым ұзын болса екен деп ылғи армандаймын. Иыққа дейін ғана өседі. Шашым ұзын болса екен деймін

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаштың қалыпты өсуі сіздің тамақтауыңызға да байланысты, дұрыс тамақтана біліңіз. Әсіресе қаныңызда гемаглобин қалыпты болғаны жөн.

Одан бөлек, шашыңыздың тез өсуіне жағдай жасағыңыз келсе жылдың әр көтемі мен күзінде немесе жазы мен қыс айладында, яғни жылына екі рет шаш ұшын ғана қырықтырып тұрыңыз.

 
Шаш өсіретін маскаларды уақытылы жасау сізге аздап ауырлау тиетін болса онда оңай әрі тиімді жолын таңдаңыз. Ол үшін бір құты сусабынға (шампунь) дәріханаларда сатылатын мумие табиғи таблеткаларын сатып алып оның он данасын сусабынға салып қойыңыз.  Басыңызды жуар кезде сусабынды шайқап бір жуып алыңыз да, екінші рет жуғанда сусабынды шашыңызға жағып 3-5 минут ұстап шайып тастаңыз. Бұл тәсіл шаштың тез өсіріп, түсуінен қорғайды. Сондай-ақ, шашыңыз жібектей болумен қатар келесі жуғаныңызға дейін керемет иісін жоғалтпайды. Егер мүмкін болса балалар сусабынын қолданғаныңыз жөн, дегенімен қалаған сусабыныңыз да іске жарайды.

 
Егер бұл тәсіл сіздің көңіліңізге жақпай, сенімсіз болсаңыз дәріханаларда сатылатын витаминдермен байқап көріңіз. Ол үшін шашыңызды жуар алдында бір жуғанға жетер сусабынды бөлек құйып алып оған А, В, Е, ВВ1, РР, С, В1 витаминдерін (ампула түріндегі) араластырып сонымен жуыңыз, басыңызда 3-5 минуттай ұстаңыз сіңуі үшін. Ескертетін жәйт, витаминдерді жуар алдында ғана сусабынға араластырып пайдаланған жөн, болмаса витаминдер жойылып, пайдасыз болуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!
Лааахмет)))))))))))))):)
+1 дауыс
Қалыпты шашты (майлы да құрғақ та емес) аптасына екі рет жуу керек. Жуған кезде судың қайнаған болуы және температурасы +37 мен +39 °C аралығында болғаны абзал;
Шаш біраз өскен кезде оның ұштары шашақталып кетеді. Ондай жағдайда шаштың ұштарын кесіп тұру керек. Бұны орташа үш айда бір рет істеуге болады;
Шашты жуғаннан кейін оған химиялық қоспары жоқ немесе химиялық күші әлсіз қоспалары бар нәр бергіш заттарды пайдаланыңыз;
Шашты сәндеу үшін шашты бұйралайтын құралды (плойка) пайдаланбауға тырысыңыз. Себебі, ол шашқа аз деңгейде болса да зиян келтірмесе, пайда келтірмейді;
Шұғыл жағдай болмаса, шашыңызды фенмен кептірмеңіз. Фенді пайдалану шаштың құрғауына әкеліп соғуы мүмкін;
Шашыңызды тарағанда соңғы жағынан бастап тараңыз (алдымен төменгі жағын тарап алыңыз), жайменен жоғары қарай тараңыз. Шашты тарағанда тарақтың массажка тарақ немесе ағаштан жасалған тарақ болғаны дұрыс. Шаштың түбіріне жеткен кезде шашқа арналған щеткамен шашты тұтастай 100 реттей тарасаңыз, шашқа массаж жасаған боласыз;
Шашыңыздың дұрыс өсуі үшін шаш түбірлері орыналасқан бас терісінің күтіміне де дұрыс көңіл бөлу керек. Шаш түбірлері орынасласқан бас терісі аймағында қан айналым дұрыс жұмыс жасаса, онда шаштың өсуі дұрысталады.

Және де мына жерден таба аласыз http://massaget.kz/bastangy/krasota/3704
0 дауыс
1.2 ас қасық қыша яғни горщицаны 2ас қасық ыстық суға салыңыз 2.оған 1жумыртканын сарысын косыныздар 3. сосын осы коспага 2 ас қасық зәйтүн майын қосынз 4. жане 2шай касык кант косу керек осыны араластырып 15 мин немесе 1 сағатка жагып басынызга салафан кийниз горщица шашынызды ашытып куйдируи мумкин бирак шыдаганыныз дурыс ескерту коспаны жакканда терисине жагу керек ал шаштын ушына тигизуге болмайд шаштын ушына зайтун маин жагыныз уакыт откесн шашты шампунмен шайп жибер бул кенести аптасына бир рет бир аи узбеи колдану керек сонда шашыныз аптасына 15сантиметрге оседи бирак бул тасилди кунде колданбаныз осы кенес сиздерге комектесед

Шашты жуып орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарайды. Сондай-ақ оны ұшынан бастап тараған жөн.
Ал шашты фенмен кептірген жағдайда оның режимін жылыға қойып, 15-20 см. қашықтықта 20 минуттай ұстап тұрып кептіреді. Бұлай кептірген шашқа ешқандай зиян келмейді. Егер шашты тез кептіргіңіз келсе феннің режимін күшейту керек. Мұндай да ыстық ауамен кептірмес бұрын шашқа арнайы ласьон жағу керек. Шаштың табиғи әдемілігімен жылтырлығын сақтау үшін күтім жасап қана қоймай, күнделікті ішіп жейтін тағам құрамындағы дәрумендер мен минерал құрамында көбейте түсу керек. А,С,Е дәрумендері шашқа әдемілік пен көлем береді.
Салтанатты кешке барарда арнайы шаш сәнін жасаңыз. Ол үшін шаш сәндеуге арналған керек жарақты пайдаланыңыз. Қолыңызға көлем беретін көпіршікті (мус) молынан жағып, сулы шашыңызды бөліп алып жағыңыз. Кейін шашыңызды бірнеше иірімдерге бөліп, ұлкен көлемді бигудилармен ұшынан бастап орңыз. Шаш кепкен соң бигудилерді шешіп алады. Қолмен бұйраланған шашты жазған соң үстіне қатыратын немесе жылтыр реңк беретін лак себеді.
рааахмет!!!!!

Ұқсас сұрақтар

...