Шаштың қалыпты өсуі сіздің тамақтауыңызға да байланысты, дұрыс тамақтана біліңіз. Әсіресе қаныңызда гемаглобин қалыпты болғаны жөн.
Одан бөлек, шашыңыздың тез өсуіне жағдай жасағыңыз келсе жылдың әр көтемі мен күзінде немесе жазы мен қыс айладында, яғни жылына екі рет шаш ұшын ғана қырықтырып тұрыңыз.
Шаш өсіретін маскаларды уақытылы жасау сізге аздап ауырлау тиетін болса онда оңай әрі тиімді жолын таңдаңыз. Ол үшін бір құты сусабынға (шампунь) дәріханаларда сатылатын мумие табиғи таблеткаларын сатып алып оның он данасын сусабынға салып қойыңыз. Басыңызды жуар кезде сусабынды шайқап бір жуып алыңыз да, екінші рет жуғанда сусабынды шашыңызға жағып 3-5 минут ұстап шайып тастаңыз. Бұл тәсіл шаштың тез өсіріп, түсуінен қорғайды. Сондай-ақ, шашыңыз жібектей болумен қатар келесі жуғаныңызға дейін керемет иісін жоғалтпайды. Егер мүмкін болса балалар сусабынын қолданғаныңыз жөн, дегенімен қалаған сусабыныңыз да іске жарайды.
Егер бұл тәсіл сіздің көңіліңізге жақпай, сенімсіз болсаңыз дәріханаларда сатылатын витаминдермен байқап көріңіз. Ол үшін шашыңызды жуар алдында бір жуғанға жетер сусабынды бөлек құйып алып оған А, В, Е, ВВ1, РР, С, В1 витаминдерін (ампула түріндегі) араластырып сонымен жуыңыз, басыңызда 3-5 минуттай ұстаңыз сіңуі үшін. Ескертетін жәйт, витаминдерді жуар алдында ғана сусабынға араластырып пайдаланған жөн, болмаса витаминдер жойылып, пайдасыз болуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!