+2 дауыс
17.3k көрілді
Күн ысыган сайын аралар қаптай түседi. Әр жерге бiр ұя салып. Кеше гана кiшкентай iнiм ,агашпен туртiп уясын бузыпты. Екi, уш ара шагып алды. Ал ажем болса , шакканы жаксы болды, кыста тумау болмайды кайта дейдi. Ара шакканда кандай алгашкы комек корсетуге болады? Шынымен аранын, шакканы адамга пайдалы ма?
аранын шакканы оте пайдалы шаккан жерге батпак жагатын болсак тез арада жазылады

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаз мезгілінде шыбын-шіркей мен жәндіктер ерекше белсенді болып келеді. Тіпті, масаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Ал адамды ара я сона шақса, оның жазылуы ұзаққа созылады.

Адамды ара шағып алса, әдетте, адам ағзасы бірден сыр бере бастайды. Аяқ-қол сыздап, дене қызады. Адамның бет-жүзі ісе бастайды. Тері қызарып кетіп, дене қыши түседі. Араның шаққанда психологиялық және аллергиялық реакция пайда болады. Психологиялық реакцияда адам жәндіктің шаққанына шыдамсыздық танытып, мазасызданады. Екінші мәрте шағып кетеді деген күдікті әрі қорқынышты сезім пайда болады. Ал аллергиялық реакцияда адамның дене қызуы көтеріліп, басы айналып, жүрегі айниды. Қатты құсып, тәбеті жоғалып, тіпті, талып қалуы мүмкін. Абырой болғанда адамдардың 2-3%-ы ғана аллергия реакция ұшырайды. Оның да әр түрлі дәрежесі бар. Ең күрделі дәрежесінде адамға дер кезінде алғашқы көмек көрсетілмесе, адамның жүрегі тоқтап қалуы да әбден мүмкін.

Араның шағуына балалар мен әйелдер ағзасы бірден әсер етеді. Себебі, олардың ағзасы әлсіздеу. Әрі тері нәзік болғандықтан, ара уы тез таралады.

 

Есіңізде болсын!

Айналыңызда ара ұшып жүрсе, оған мән беріп, оны қағып, өлтіруге ұмтылмаңыз. Себебі, ара себепсіз адам баласын шақпайды. Тек адам тарапынан қарсы әрекеттер көрсе ғана, ол өзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел буады.
Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің еш қажеті жоқ.
Ара шаққан кезде дереу жақын арадағы медициналық пунктке бару керек немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн.
Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты сыртқа шығаруға ықпал етеді.
Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды. Кері жағдайда, ағзаға инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін.
Ара шаққан жерді мүсәтір спиртімен немесе йод не көк дәрі қосылған сумен шайып жіберу керек. Қол астында бұл заттар болмаса, ара шаққан жерді ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады.
Ара шаққан жерге ылғалды сүлгі немесе салқын суға толы жылытқы басу керек.
Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал.
Ара шаққан жанды көлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, көп мөлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған су мен бал қосылған шәй беруге де болады.
Ара шаққан жанның денесі қызарып, бөртіп жатса, оған кордиамин сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек.
осы қаншама адамдарды ара шағады ғой ештеме қылмайды сол сияқты,бұдан 10жыл алдын есіктің алдында 30жастар шамасындағы ағамды ара шағып алды содан мән бермедік бәріміз ештеме қылмайды деп. Жоқ олай емес екен ағам арадан шамалы уақыт өтіп ҚАЗА тапты,сонда дәрігерлер ара ағамның жүйке тамырынан шаққанын содан реакция беріп ӨЛГЕНІН айтты. өзімдіде талай ара шаққанғой ӘЖЕМ ара шаққанда тұз жағып мұз басатын. МЕН бір емшілердің ара шаққызып емдейтінін естігем. Ара шақса адамның имунитеті көтеріледі дейді.
Аганнын арты кайырлы болсын!  Калгандарын,а узак та бакытты омiр насiп етсiн Алла!
Жауабын,а рахмет!
//Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды// толық келісемін
//Ара шаққан жерді мүсәтір спиртімен немесе йод не көк дәрі қосылған сумен шайып жіберу керек. Қол астында бұл заттар болмаса, ара шаққан жерді ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады.// Спирт пен йод табылмағанда ақжелкеннің жапыраға қайдан табылсын дим да)))
//салқын суға толы жылытқы басу керек// салқын жылытқы???)))
кордиаминнің қатысы қанша екен, жүректің дәрісі...
Егер аллергия болып жатқанда ғана өте қауіпті, дереу, жоқ ДЕРЕУ жедел жәрдем шақырту керек, адреналин салады енді медиктер өздері біледі шаруаларын...
Сосын смотря қандай ара және қай жерден шаққаны ғой. Әйтпесе кәдімгі сары арадан талай мойнымыз бетіміз ісіп өстік))
"пышақ пышақ пышақ" деп айтсандар ара қашып кетеді-мыс))
+1 дауыс
Ежелден келе жатқан ата-бабамыздың алғашқы емі - ара шаққан жерге тез арада түкірігіңізді жағыңыз. )))
0 дауыс
Ара шаккан жерге балшык жагып жиберу керек
0 дауыс
Мені жаңа иегімнен ара шақты меенде жпғатын ештеңе болмады 1-1,5 сағаттан кейін үйге келіп айран жақтым
0 дауыс
Баламның колын коршимиздин бал арасы шагып алды бугин. Катты исип тур терис жарылардай ыстыгы да бар. Не истесем болады. Балам 1,5,ай
...