+2 дауыс
15.2k көрілді
Көктемгi демалыстар басталды мiне. Мектеп оқушылары , студенттер маевкага шыгатын мезгiл. Осындай серуендердi озiм де катты унатамын. Бiрак сол таулы жерлерде, улы жандiктердiн, жылан болатыны коркынышты да. Кутпеген жерден жылан шагып алса не iстеу керек? Улы жандiктерден калай коргануга болады?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жылан шаққаннан кейін, алғашқы секундтарда саусақтармен басып, жараны ашыңыз, содан кейін уды ауызбен соруды бастаңыз. Қанды сұйықтықты кезеңді түрде түкіріп отырыңыз. Егер сілекей аз болып немесе ерінде, ауыз қуысында жаралар болса, ауызға аз мөлшерде су алып (су умен араласып) , 15 минут аралығында тоқтамай кезекпен уды сорып алу қажет. Бұл зақымдалған ағзадан удың 20-50 процентін жоюға мүмкіндік береді. Көмек көрсететін адам үшін, уды сорып алу мүлдем қауіпті емес, тіпті ауыз қуысында жара болса да. Егер зақым алған адам жалғыз болса, ол уды өзі сорып алу қажет.
Жараны дезинфекциялап, ісіктің даму дәрежесіне байланысты кезеңді түрде босатуға мүмкіндік болатын стерильді таңғыш салу керек және ол жұмсақ тіндерге батпау қажет.
Жәбірленуші адамды жақында орналасқан медициналық мекемеге жедел түрде, зембілдерді қолданып апаруға тырысыңыз. Жыланды тауып, оның түрін тану үшін, дәрігерге әкелген жөн. Қажет болған жағдайда, ұзақ уақытты жасанды тыныс алуды және жүрек массажын жүргізіңіз.

 

Сонымен қатар, жылан және көптеген жәндіктер шағуынан болатын ауырсынуды азайту мақсатында, шаққан жерді бу үстінде ұстау қажет.
Және де керісінше, келесі іс- әрекеттер жылан шаққанда қарсы көрсетіледі:
• Шаққан жерді крест тәрізді кесуге және зақымдалған аймақты кесіп алып тастауға болмайды. Кездейсоқ заттармен (пышақпен, шыны сынықтарымен) кесулер инфекцияларға, тамырлар мен сіңірлердің зақымдануына әкеледі.
• Шаққан жерден жоғары жгутты салуға болмайды. Зақымдалған қол немесе аяққа салынған жгут, жәбірленушінің жалпы жағдайын нашарлатады және шіру көріністерін шақырып (әсіресе, гюрза, сұмырай жыланы шаққаннан кейін), өлімділік мүмкіндігін жоғарлатады.
• Арақ-шарап уыт болып табылмайтынын есте сақтаңыз, ал керісінше, ол ағзадан удың шығуын тежеп, оның әсерін күшейтеді.
Ара, ірі аралардың (шершень) шағуы.
Біріншіден, жарадан ара тілін алып, кейін емдеуді бастауға болады. Жәндіктер шағуынан келесі заттар көмектеседі:

Толығырақ!

+1 дауыс
Жыланға тиіспесен олар өздері бірінші шабуыл жасамайды, аралар сияқты.

Егер шаққан жағдайда, сорып алуға мүмкіндік болмаса (мәселен кім біреудің қанын соруға ынтасы болады дейсін?) шаққан жерден жоғары қатты байлам жасап медорталыққа дереу жеткізу керек. Бірақ кем дегенде 3-4 сағаттық жол, ал жгутты 1 жарым сағатттан көп байлаға болмайтынын ескерсек.........

Құдыққа түсіп барып шығар жол іздемей, сол құдыққа түспеудін жолын іздеу керек. Жыланның апандарына жақын жоламау керек, көріп қалған жағдайда қызықтап түрткілеумеу керек, олар өте жылдам қимылдайды.

Жылан шаққанда медорталыққа жеткенше симптоматикалық емда ғана жасайды ғой, яғни, симптомына байланысты.
...