+2 дауыс
43.2k көрілді
Махаббат туралы шығарма керек еді?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
«Махаббатым — ғайып еренім»
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Сонда, махаббат деген адамға пайдалы қасиет пе, әлде зиянды сезім бе? Белгілі жазушы әрі психолог Ерсін Қойбағарұлының «Махаббатым — ғайып еренім» — деген кітабын оқығанда осындай сауалға жауап іздеген едік. Кітапты оқып шыққанда ол өзге қаламгерлер секілді өзіндік қияли ойларды, аңыздарды, діни наным, сенімді ғана өзек етпей, ғашықтық сезімді ғылыми тұрғыдан қарастыруға тырысатыны айқын байқалды. Демек, бұл кітаптан оқырман махаббаттың пайдасы мен зиянын ажырата алады деуге болады екен.
Сонда махаббат деген не? Осы сауалды жастар, жасөспірімдер жиі қояды. Себебі, олар ғашықтық сезімнің мән-мағынасын ұғынғысы келеді. Осы кезеңде олардың жар тандауы, бірін-бірі ұнатуы, ғашық болуы табиғи заңдылық. Биология ғылымында мұны «инстинк» дейді. Бұл жан-жануарлардың бәріне ортақ. Ал, жануарлардан адамның артықшылығы санаға ие. Абайдың «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңыз» — деген тұжырымы хайуандардың еркегі мен ұрғашысы бір-бірімен ешқандай ақыл-ойсыз, табиғи жаратылысының заңдылығымен қосылса, адам ой-сана иесі болғандықтан өзінің қосағын өмірден алған таным-түсінігі, ақыл-парасаты арқылы табуға тырысады. Көптеген қазақ ақын-жазушылары Абайдың бұл тұжырымын ұшқары, жаңсақ түсініп ғашықтық сезімді Отанға, ата-бабаға, анаға, балаға деген сүйіспеншіліктен жоғары қойып, махаббатқа көзсіз табынатыны байқалады.
Тарихта адамзат қоғамы дамыған сайын адам санасы да жетіліп жар таңдауда салт-дәстүр пайда бола бастады. Яғни, еркек пен әйел арасындағы ынтызарлық тек табиғи инстинк қана емес, салт-санаға, таным-түсінікке, діни наным-сенімге орай қалыптасатын болды. Әсіресе, діндердің пайда болуы бұған зор ықпал етті. Сөйтіп, үйлену мәселесінде алуан түрлі дәстүрлер пайда болды. Мәселен, христиан діні бойынша бір еркек бір әйелге ғана үйленсе, мұсылман діні бойынша бір еркек төрт әйелге дейін үйленетін болды. Христиан дінінде ең қасиетті махаббат сезімі болса, мұсылман ілімінде ұрпаққа, Отанға деген сүйіспеншілік махаббаттан жоғары тұрады. Мұның қайсысы дұрыс? Ғылым жағынан қарастырсақ мұсылман дінінің ұстанымы табиғатқа, жаратылыс заңына үйлесетінін ұғынуға болады. Себебі, биология ғылымының зерттеулері бойынша тіршіліктің ең жоғары сатысы сүтқоректілер, яғни қоян, түлкі, қасқыр секілді аңдар, яғни баласын емшек сүтімен қоректендіретіндер. Олардың ағзаларын салыстырсақ адам да осы топқа жатады. Жалпы табиғатта бір еркек пен бірнеше ұрғашы қосылу арқылы ұрпақ тарайды. Міне, мұсылман діні осыны да мықтап қарастырған деуге болады. Соған орай, салт-дәстүр туындаған. Ал христиан діні бойынша бір еркек екі әйелмен некелесе алмайды. Тіпті, екі әйелге қатар үйленгендерге өлім жазасы қолданылған. Бұл дінде табиғатқа, жаратылыс заңдылығына үйлеспейтін ұстанымдар түрлі тарихи жағдайларға орай туындаса керек. Дінді жоққа шығарып ғылымды ғана ұстануды мақсат еткен марксизм-ленинизм ілімі де үйлену мәселесін христиан дінінің канондарына сәйкес жасап, «әйел теңдігі» деген ұранды ұстанып бір әйел мен бір еркек үйленуді ғана салтқа айландыруды мақсат етті. Неге? Себебі, бұл ілімінің негізін салған Маркс те, Ленин де христиан дінін ұстанған қоғам өкілдері. Сондықтан олар осы елдердің салт-санасын ескеруге мәжбүр болса керек.
Ал қазақ қоғамына келсек, халқымыз көп әйел алу салтын ұстанған. Тіпті, қазақтың көнеден қалыптасқан салты бойынша мұсылман дінінің шарттарын да толық қабылдай бермеген деуге болады. Мәселен, мұсылман дінінде бір еркек төрт әйелмен ғана неке қиюға рұқсат берілсе, қазақ әйел санын шектемеген. Бұл «Жеті жарғыда» нақты тұжырымдалған. Шариғатта бір омыраудан ембеген қыз бен жігіт үйленуіне тыйым жоқ болса, қазақ 7 атаға дейін үйленуге қатаң тыйым салған. Мұндайларға тіпті, өлім жазасы қолданылған. Неге? ¥рпақтың қаны бұзылып азғындап құриды деп түсінген. Қазіргі ғылым бұл қағиданы растап отыр? Қазақ халқы мұны көне заманда қалай білгені беймәлім.
Жалпы, қазақ халқының қалыптасқан салт-санасына ой жүгіртсек отбасын құрау мәселесіндегі басты ұстанымы қалайда ұрпақты тез көбейтуді мақсат еткен деуге болады. Қазақта еркек те, әйел де өзін ата-бабасы мен ұрпағы арасындағы өткел ретінде өмір сүруді басты ұстаным еткен. Сөйтіп ер адам ұрпақ көбейту мақсатымен ғана бірнеше әйелге үйленетін болған. Ал қазақ әйелдері бәйбіше болса да, тоқал болса да күйеуінен ұрпақ көбірек тарағанын мақсат етіп өмір кешуді парыз санаған. Тоқалдан туған балаларды бәйбіше бауырына басып өзінің құрсағынан шыққандай сүйіспеншілікпен өсірсе, бәйбішеден туған балаларды тоқалдар да анасы ретінде сүйіспеншілікпен қабылдайтын болған. Сірә, соғыстан, індеттен қынадай қырылған қазақ тез көбейіп ұлан-ғайыр жерді иеленіп, қорғауды басты мақсат етсе керек. Қазіргі кезде де қазақ халқы үшін мықты мемлекет болу үшін, елдің, жердің шын мәнінде иесі болу үшін демографиялық өсімді еселеп арттыру ең басты мақсат болып отырғаны айтпасақ та ұғынықты болса керек.
Сондай-ақ қазақ дәстүрінде махаббатқа тыйым салу, жастарды ғашықтық сезімге ұрынудан қорғау жағы да мықтап қарастырылған деуге болады. Өткен ғасырлардағы қазақ әдебиетінде махаббатты әспеттеген, шығармалардың ұшыраса қоймауы осыдан болса керек. Неге? Сірә, ұрпақ көбейтуге, яғни демографиялық өсімге махаббат зиянды екенін аңдай білген болса керек. Қалың мал, құдаласу, аттастыру секілді салттардың мәні де осыған саяды. Бұл мәселені екінші қырынан қарастырсақ халқымыз жастарды әсіресе, ғашық болудан сақтандыруға ерекше мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым» дегендей сөз осындай ұстанымнан шықса керек. Бұл тек ұрпақ көбейту мақсатынан ғана емес, ғашықтықты зиянды дерт дегендей түсініктен де болған секілді. Ғашық болуды «басы айналды», «басын айландырған», «дуаландырды» деп психологиялық дерт деп жастарды одан сақтандырып, тек ата-ананың ұйғарымымен ғана үйлендірген. Бір сөзбен тұжырымдасақ ғашықтық, махаббат психологиялық дерт екенін қазақ ежелден аңғарған. Бұл туралы зерттеулер жасалмай, махаббатқа тек біржақты табындыру, қазір әсіресе, қазақ қоғамында шектен шығып бүкіл халықты ұлттық салт-санадан бездіруге зор ықпал ете бастағаны өз алдына жеке әңгіме.
Біраз жыл бұрын Абай атындағы Қазақ ¥лттық Педагогикалық университетінің психология кафедрасы ғалымдарына махаббаттың, яғни әсіресе ғашықтықтың зияны туралы зерттеулер жасалатыны жөнінде сұрастырғанымда олар тіпті, «махаббаттың қандай зияны болмақ? Ол адамның ең асыл қасиетті сезімі емес пе?!» — деген мәнде өздерінше дәлелдеуге де тырысқан болатын. Сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінде «¥лттық салт-дәстүр. Махаббат. Қайсысын насихаттаймыз?» деген мақала жазып жалпы махаббат психологиялық дерт, эгоизм, ұлттық салтқа кереғар құбылыс болып табылатынын, мұның әсіресе, қазақтың демографиялық өсіміне зиянды болып келе жатқанын кеңінен дәлелдеуге тырысқан едім. Алайда ақын-жазушылар мұны ұғына қоймады. Мұндай пікірге ашық қарсы шықпағанымен, әсіресе, ақындар махаббатқа табынатындай жыр жазуды үдете түсті. Олардың тіпті, құдайға емес, құранға емес, қазақтың ұлттық салт-санасына емес махаббатқа, ғашықтың сезімге табындыратын шығармалары көбейе түсті. Маған «Сіз өркениет бесігі атанған Еуропа мәдениетіне, барша ұлылардың махаббат жөніндегі тұжырымдарына қарсы шыққаныңыз қалай?» деген мәнде хаттар да келді. Жазушы Еркін Қойбағарұлының «Махаббат — ғайып еренім» деген әңгімелер мен хикаяттар жинағын оқып шыққанда махаббаттың шын мәнінде психологиялық дертке айналатынын оқырмандар ұғына алмақ дегендей пікірге тіреле бердім. Өйткені кітаптың авторы жай ғана жазушы емес, психолог, психотерапевт болғандықтан бұл мәселені медициналық психология ғылымы тұрғысынан да қарастырған деуге болады. Кітаптың мұқабасында жазылған деректерге қарағанда медицина институттын бітірген. Мамандығы — психотерапевт. ¥зақ жыл әскери салада осы мамандығы бойынша қызмет атқарып мол тәжірибе жинақтаған. Кейін «Манкент» шипажайында 25 жыл медицина психологы, психотерапевт болған екен. Яғни, көргені де көп, оқып-тоқып көңіл

Ақпарат  мына жерден алынған http://massaget.kz/blog/4645
0 дауыс

Махаббат туралы шығарма жазарда Махаббат қызық мол жылдар кітабына арнап шығарма жазған дұрыс шығар деп ойлаймын. Міне сонда нағыз Ербол мен Меңтайдың махаббаты керемет суреттелініп берілген.

Махаббат

Махаббат - өмір көркі.

Абай Құнанбаев

Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары.Алайда махаббат сияқты сондай сезім жиі басқа сезімдер асып түседі. Мысалы: ашуы, қызғаныш, өшпенділік, сараңдық, ашкөздік. Алтынға махаббат бар, бірақ ата-аналарға жоқ; ақшаға махаббат бар, адамдарға – жоқ. Сәндік заттар махаббатқа адам мұқтаждығын қанағаттандыру алмайды. Адам неліктен өз тәні үшін ақшаны аямайды: әсем киім, қымбатты әшекейлер, дәмді тамақ. Алайда өз жаны,  ішкі әлемі туралы адам өте жиі ұмытады. Өйткені егер онда тек қана бостық болса, адам өмірдің мәнін жоғалтады. Егер ағаш ішінде сасып кетсе, бос болса, онда оны жеңіл боран құлатады. Адам жанының бораны оны ішінде бұздыру алады. Сондықтан сүю мен сүйікті болу өте маңызды.

Менің пікірімше, махаббат – біздің өмірімізде сирек мен асыл сезім. Көптеген тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек ер мен әйел арасында махаббатын қарау дұрыс емес. «Тәрбие отбасынан басталады», және махаббат онда туады. Ана мен бала арасында , мүмкін, әлемде ең күшті сезім. Табиғатта ана өз төлін қорғау ақырғы дем таусылғанша болады ғой. Осы махаббат түйсігі өз табиғат-ана салады. Табиғатты, туған өлкені, Отанды сүю міндетті. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Бірақ көптеген адамдар осы аңғартпайды, дұрысырақ түсінгісі келмейді.

Дүние жүзінде әрбірдің сүйгісі мен өз махабаттын сыйлағысы келеді. Осы өз табиғатымен салған. Ашуланғандық пен күншілдік тек жанда махабат алауын ашуланғандықеді. Махаббат күші шексіз. Оның арқасында біз бекзат, ал кейде жеңілтек әрекеттерге қабілетті. Махаббат күші – үйлесімде, даналықта мен шамасын сезуінде.

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы.

0 дауыс
Махаббат мәңгі махаббат. Жаныңды өзге түгіл өзің түсініп білмейтін күйге бөлейтін жағдайды басыңыздан өткіздіңіз бе ? Өткіздіңіз,себебі ешбір жанды айналып кетпей,жүрегіңізге келіп мәңгі орнығатын ол МАХАББАТ деген ұлы күш. Ақындарға өлең жаздыратын, содан соң жүректерін тоздыратын,компазиторларға шабыт беретін,ал біздерге бірде қуаныш,бірде мұң сыйлайтын махаббат емес пе. Махаббатты ешкім қолмен ұстап көрген емес,бірақ ол кімнің болсын жүрегінде. Мәңгі ескірмейтін,мәңгі өлмейтін махаббат қайдасың ?
0 дауыс
Махаббат неткен коркем сезим олда менин басымнанда откен
0 дауыс
Қатты жүректен жасалған махаббат, адамдарды бірі-бірімен қоса алатын құбылыс. Бұл еркіндікті, тыныштықты, бір-біріне қызмет ету деген келісімді сембелеуі, бірін-біріне қатынастыру деген арманды бірігіне түрлендіруге болады. Махаббат жарату керекшіліктерге толы ризашылдықты қамтуға болады, ол жүректі қамтамасыз еткен жағдайда бетіменізге көмек көрсетеді. Бір-бірімізге сатып алу керек, бір-бірімізді түскен сүйіспен деп ойлау керек, ол алдағы жылымызды бастау болады.

Махаббат тыныштықты ауыстырады, ал ол қасиетті адамның жан-жақты тұрғындайтын да, өзгелерінің талаптарына сай келісімді сабырлауға болады. Махаббат ең жоғары сапада адамның кең арнайы орнында болады, ол адамның дуындағы өмірін дәлелдейді.

Сол себепті, махаббат адамдар арасындағы байланыс жасалатын қаріпті бірі. Ол жан-жақтылық, тыныштық және тұтас болуға жетіледі. Махаббат адамның өміріне күнделікті болуына дайын есептелген ақша емес, адамдар арасындағы дуының ең маңызды белгісі.
...