+1 дауыс
96.7k көрілді
мен мектеп бітірушімін, соңғы қоңырауға арналған бағдарлама және мектеп бітіріп кеткендер болса өздеріңіздің қандай бағдарлама жасағандарыңызды айта кетсеңіздер, тақпақ, өлең, вальс музыкасы, жаңа идеяларыңызбен бөлісіңіздерші!
Тамаша сұрақ! Маған пайдасы тиді! Барлықтарыңа +1 !Үлкен рахмет сіздерге!
Белгісіз

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2010-2011 оқу жылында 43 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыт Бекетқызы, 100 балдан жоғары жинаған оқушыларымыз: Сағынгалиева Гүлназ Сағынгалиқызы (112), Гусман Нұрдан Айбарұлы (111), Туманова Асель Мержанқызы,(109), Көшенов Сағынғали Амантайұлы (105), Хаппар Даражат Музапарқызы (104), Құрманбек Қуаныш Болатұлы (101), Болатова Айнұр Болатқызы (100), жалпы 81,4 орташа балмен мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Ән ұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.---------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------
3.---------------------------------------------------------
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.----------------------------------------------------------------------------------
2 ---------------------------------------------------------------------------------
3.----------------------------------------------------------------------------------
4.----------------------------------------------------------------------------------
қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз --------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: ----------------------------------------------------- беріледі.
Дархан Даулетияровтың әні «Атамекен Казталов» Ор: Қайрат Абдулов

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Талпахов Альберт Асқарұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің әні:
«Қоштасу вальсі» ор: Нәрік Дүйсенов.

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі
ардагер ұстаздарда. ------------------------------------------------
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Ищақова Шынасыл Аманқызы, Аділгереева Гүлжан Сапақызы.
Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан Әділгереева Гүлжан Сапақызына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері Жұмағалиева Римма Ғиниятқызы мен Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына алғысымыз шексіз.
Келесі сөз кезегі 11б сынып жетекшісі Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына беріледі.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын Ибраев Аңсар

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыттың ата-анасы Гайсин Бекет Исқақұлына беріледі.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. –деп, биші қыздарымыздың орындауындағы «Өзбек биін» қабыл алыңыздар!
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Гайсина Бақыт Бекетқызына беріледі.

Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп мектеп түлектеріне арнау мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Балдәурен» байқауының жүлдегері Хаппар Даражатқа береміз.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.
Ән: «Мектеп вальсі» Ор: Ибраев Аңсар.

(Әнұран ойналады)
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.
+1 дауыс
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11А сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Жұмағалиева Римма Ғиниятқызы. Сыныпта 39 оқушы.
2-жүргізуші: Алдарыңызда 11б сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызы. Сыныпта 14 оқушы.
1-жүргізуші: 2010-2011 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да ортамызда:
1.
2.
3.
1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Жолдауы жарияланған жыл.
Бұл жыл – VІІ қысқы Азиада ойындарының елімізде өткен жылы.
Бұл жыл – «Еуропалық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының» саммитінің өткен жылы.
Бұл жыл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудан өтіп Президенттікке қайта сайланған жылы.
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Арман Дүйсеновтің әні: «Ұстазым » Ор: Кабир Әсем
1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Сағынғалиева Гүлназдың анасы Иманғалиева Гүлнар апайға беріледі.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы әрі ардагер ұстазымыз Ищақова Шынасыл Аманқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, мектебіміздің биші қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Жұмағалиева Римма Ғиниятқызына беріледі.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге мәдениет демалыс орталығының әдіскері Тақаев Тауасих пен тәрбие жұмыстар орталығының шахмат үйірмесінің жетекшісі Жұмағазиев Бекжан өз лебіздерін жолдайды.
(Музыка әуенімен сыйлықтар, дипломдар табыс етіледі.)
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11-сыныптардың мерекелік бағдарламасы: Өтенов Ернар - құттықтау сөз; Ән «Ұстаздарға»-Ибраев Аңсар; Арнау - Хаппар Даражат; Қоштасу вальсі - түлектер)
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, «Алтын белгі» үміткері Гайсина Бақыт
10-сынып оқушысы, оқу озаты Сейсекенов Нұрболатқа тапсырады.
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Бұйрашев Аслан мен Таңатарова Гүлайымға тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен 2010-2011 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.
рахмет рахмет
+1 дауыс
Жүргізуші: «Кеш жарық, қымбатты қонақтар, ұстаздар және «Тәуелсіз еліміздің түлектері»! Сіздерді біз «Үміт» атты кеме арқылы мұхитқа (саяхат) жасауға шақырамын. Хабарландыру 2012 –шы жылғы түлектерді тіркеуді бастаймыз.

Капитан: Леди и джентльмены. Дамы и господа. Сегодня в жизни каждого из вас, в жизни нашего города знаменательное событие – в свое первое плавание отправляется корабль с незатейливым названием "Надежда". Объявляется регистрация билетов на рейс 2011.Свистать всех наверх! Все по местам! Маэстро, прощальную!

Жүргізуші: Сіздерді бүгінгі кеме арқылы мұхитқа саяхатна бастап апарушы тексеруші Жунуспаева Лаура Ауелбековна

Ведущий. И капитан нашего корабля Абенов Болат Балтанович

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар ! «Үміт» атты кеменің 2012-ші рейсі Приречное орта мектебінің түлектеріне арналады. Бүгін біз сіздермен мұхитқа саяхат жасаймыз, оның болу ұзақтығы мектеп өмірінің 12 жұлдызды жылына сәйкес келеді.

Стюардесса. Уважаемые пассажиры! Рейс 2012 корабля "Үміт" посвящается выпускникам Приреченской средней школы выпуска 2012 года. Сегодня мы отправляемся первое плавание с кораблем "Надежда", продолжительность которого составляет 12 звездных лет школьной жизни.

Жүргізуші: Құрметті біздің кемеміздің бірінші салонының түлектері өздеріңіздің орындарыңызды тауып жайғасуларыңызды сұраймын.

Стюардесса. Просим вас уточнить свои места в первом салоне нашего корабля. Бортпроводницы укажут вам ваши места.

Мектеп бітіруші түлектердің кеші «бишілер тобының» биімен ашуға рұқсат етіңіздер.

Ортаға мектебіміздің мың бұралған бишілері өздерінің биімен өнерлерін көрсетеді.

Звучат фанфары. Танец « ———————— »

1 стюардесса. Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, Бағбан – ұстаз баулыған құстары- бұл, Қоштасып бүгінгі күн ұясынан, Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, – деп

Сіздердің қошеметтріңізбен түлектерді ортаға шақырамыз.

 

2 стюардесса. Ведь одиннадцать лучших лет жизни мы отдаем школе. Кто-то затем вспомнит о них с радостью, кто-то с тоской, кто-то, может быть, и с болью. Но так или иначе, теплые моменты школьной жизни, интересные уроки, а также забавные казусы, добрых и благородных педагогов — все это мы не сможем забыть никогда. И наша сегодняшняя вечеринка начнется с забавной песни, посвященной окончанию школы.

А сейчас, уважаемые гости, поприветствуем виновников сегодняшнего торжества

Жүргізуші: Ортаға мектеп бітіруші түлектерді шақырайық. 2-ведущий: Приветствуем аплодисментами выпускников и их классных руководителей 11 «А» – сынып түлектері және сынып жетекшісі——————————–

1.

2.

3.

4.

2-ведущий:

11 «Б» и классный руководитель – ————————–

1.

2.

3.

4.

 

1 стюардесса. Қымбатты түлектерІ Қадірменді мұғалімдерІ Қымбатты ата-аналар І Біз сіздерді «Үміт» кемесінің бортында көргенімізге қуаныштымыз

2 стюардесса. Уважаемые выпускники, учителя и родители! Мы рады приветствовать вас на борту корабля "Надежда".

1 стюардесса. Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,

Мектептен басталады бәрі-бәрі.

Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,

Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

1 стюардесса. Бүгінгі мұхитқа саяхаттың жүзу ұзақтығы 11 жұлдызды жылға сәйкес келеді. Бортымыздың тыс жағындағы ауа температурасы 25 – 27 градус, ал борттың ішкі температурасы 35-37 градус.

2 стюардесса. Продолжительность плавание составит 11 звездных лет. Температура за бортом 25-27 градусов выше нуля, на борту 35-37 градусов выше нуля.

1 стюардесса. Жүзу кезінде мыналарға тыйым салынады:

* зерігуге;

* Мұхитқа жүзу саяхатының жерге жету уақытына 5.00 –ге дейін борттан кетпеуге;

* түлектерге тыйым салынған сөздерді айтуға болмайды,мысалға: «қолымнан келмейді», «білгім келмейді», «білмеймін»

* өздерін ұшу кезінде билеуге, секіруге, алысуға, сөйлесуден аулақ болуға;

* тек ғана жанындағыларға жақсы сөздер мен мақтаулар айтуға

2 стюардесса. Во время плавание запрещается:

скучать;

катапультироваться с корабля до его приземления в 5.00 по космическому времени;

произносить запрещенные выпускникам школы слова: "не умею", "не хочу", "не знаю";

отказываться от возможности кружиться, вертеться, качаться в вихре танца;

говорить окружающим что-либо, кроме приятностей, комплиментов и похвал.

1 стюардесса. Құрметті «Үміт» кемесінің жолаушылары !

Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алады,

Қашанда ақ тілектен шыға алады.

Басшымыз тілек айтсын түлектерге,

Тындайық ———————мырзаны

2 стюардесса. Уважаемые пассажиры корабля "Надежда"! Наше торжество посвящается звездному выпуску 2011 года. И почетное право открыть его предоставляется директору школы. ——————————-(Директор поздравляет выпускников с окончанием школы) 1 стюардесса.

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяндап қонақтарға келейін.

Мектеппен қоштасу кешені ортақ болған,

Сөз кезегің қонақтарға берейін.

Приречное ауылдық округінің әкімі Мұсамбаев Амангелді Қапатайұлы

және «Агрофирма Приречное» ЖШС еріктегісінің басшасы Тұмабаев Мұхит Тұрысханұлына

2 стюардесса. Сегодня на нашем балу присутствуют высокопоставленные гости: ——————————————–– аким Приреченского округа ; Директор ТОО «Агрофирма Приречное»

Предоставим слово им.

Выступают гости.

1 стюардесса. Сіздерге мектебіміздің жас жұлдыздары өз өнерлерін көрсетуге келіп тұр.

2 стюардесса. А теперь наш звездный дуэт

1 стюардесса. Құрметті «Үміт» кемесінің жолаушылары ! Біздің кемемізге теңдесі жоқ жұлдыздардың бірі – тосын сыйға жақындап қалды.

2 стюардесса. Уважаемые пассажиры! Наш корабль приближается к одному из самых необычных созвездий нашей Галактики – созвездию Сюрпризов

1 стюардесса. Бұл ғаламшарда ең жақсы дәстүр сақталған – ондағы тұрғындар бір – біріне жақсы сөздер айтып, сыйлықтар беріп, сұрақтарға жауап берген. Бізде, кәне осы дәтүрді жалғастырып биылғы түлектерге өз сауалымызды қояйық.

2 стюардесса. Здесь существует добрая традиция – жители созвездия дарят друг другу подарки, исполняя самые заветные желания. Давайте и мы последуем этой старой доброй традиции.

Выходят выпускники.

1 стюардесса. Мектеп бітіруші түлектерді ортаға алдағы жаңа өмірге аттамас бұрын салтанатты түрде ант қабылдайық

2 стюардесса. А, может быть, все выпускники, положив руку туда, где бьется сердце, произнесут слова торжественного обещания:

1 стюардесса. «Мен, Приречное орта мектебін бітіруші 2010 жылғы түлектері, сіздерге алған білімімді одан әрі жалғастыруға, адал және шыншыл болуға, мектебіміздің атына кір келтірмеуге ант беремін. Егер берген антымды орындамасам, онда

* менің ең әдемі киімім жыртылсын,

* ұялы телефоным істен шықсын,

* әдемі аяқ киімім жыртылып қалсын,

* сүйікті костюміме шырын сусыны төгілсін,

* аяқ астынан ең жақсы көретін сериалым бітіп қалсын. »

2 стюардесса. "Я, выпускник Приреченской средней школы , клянусь (или торжественно обещаю) продолжать образование, быть честным и справедливым, не запятнать звание выпускника 2010 года. Если я нарушу эту клятву (или торжественное обещание), то пусть:

* порвутся мои любимые джинсы,

* сядут батарейки в моем сотке,

* запутаются шнурки в моих кроссовках,

* прольется "Пепси" на мой любимый костюм,

* внезапно кончится мой любимый телесериал,

1 стюардесса. Енді түлектерімізге біраз сауал қойсақ дейміз.

* Мектебіміздің ең жасыл желек жамылған қабаты қай қабат ( 3 )

* Аударма сөздігі қай пәнге байланысты (ағылшын, орыс)

* Мектеп психологының кабинеті қай жерде орналасқан ( 3 )

* Мектеп телефоны қай кабинетте орналасқан ( директордың )

* Мектеп медбикесінің аты жөні қалай аталады (——————————)

* Бор қай пәндерде қолданатын зат (Барлық)

* Шахматты қай кабинетте ойнайды ( спортзал )

* Шыны заттары қай кабинетте бар? (химия, биология, физика)

* Мектеп директорының кабинетінің тюлі қандай түстен (жасыл)

2 стюардесса. А сейчас мы хотим узнать, кто из выпускников больше всего интересовался жизнью школы.

- На каком этаже кабинет————————–? (ІІI)

- В каком году построено новое здание школы? (1979)

- Сколько уроков физики в неделю было в 11 классе? (3)

- Как зовут директора? (———————–)

- В каком году установили мультимединий кабинет ? (2010)

- Держатель – химия

- Провода – физика

- Мышь – информатика

1 стюардесса. Сізд
бұл біртүрлі болатын шығар
жалғасы бар ма?
0 дауыс

кімде бітіру кешіне футаждар бар? бір бірімізбен бөлісейік мен хромакей афто эффект және пинакл студиомен жасаймын выпускнойды бар болса не керек болса honey_aiko@mail.ru жазыныздар

0 дауыс
кімде он бірінші сыныппен қоштасу концертіне сценарий бар соңғы қоңырауға емес
...