+2 дауыс
11.2k көрілді

Мен төрт жылдан бері ораза ұстаймын, Шын Жүрегіммен ниет еттім, Ұстауыма себеп менің әжем ораза ұстайды соған чай дайындап сауабын алып жүріп көптеген уағыздар тыңдап қандай керемет игі іс екенін біліп ниет еттім, бірақ менің намаз оқитын бір досым айтады сен  Намаз оқымасан ұстап жүрген оразан бір тиын деп? Бұл қалай? Намаз оқымай ораза қстауға болмайма?

10 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ қызы Аюка, ораза -  мұсылман адамға парыз етілген нәрсе. Мен сізге қысқаша түсіндіруге тырысайын. Парыз дегеніміз - Ислам дініндегі бес шарт, яғни:

1) Куәлік сөзі- Алланың бір екенін, Мухаммедтің (Алланың сәлемі мен берекеті болсын) Алланың елшісі және құлы екеніне куәлік етіп, осы сөздерді жүрекпен растау;

2) Намаз оқу - жоғарыдағы сөзді растағаннан кейін, ақыл есі дұрыс, балиғат жасынан жеткен мұсылманның орындауға міндетті нәрсесі;

3) Рамазан айында ораза ұстау - денсаулығы жарайтын  мұсылманның   ораза тұтуы;

4) Зекет - байлығы, дүние- мүлкі көп мұсылманның белгілі бір мөлшерде, яғни дүниесінің көлеміне қарай  беретін заты.

5) Қажылық - шамасы келген мұсылманның Меккеге барып, белгіленген құлшылық түрлерін өтеуі.

Байқағаныңыздай "мұсылманның" деген сөздің асты сызылған, демек бұлар мұсылман адамға парыз, бұлардың әрқайсысы өз алдына бөлек құлшылық, тек 1- шартқа ғана соңғы төртеуі тәуелді. Яғни 1- шартты сезінбей, оразаны арықтау немесе басқа мақсатта орындасаңыз, сонда бекер болуы мүмкін. Демек ораза- намаз оқымауға қатысы жоқ құлшылық. Оразаңызды осы жылы да ұстай беріңіз бұйыртса!

Бұл түсініксіз болса, басқаша айтып көрейін. Бұл 5 шарт - Жаратушының бізге жүктеген міндеттері. Мысалға сіздің бастығыңыз немесе сізден үлкен адам бөлек-бөлек үш тапсырманы уақытын белгілеп тапсырса, сіз оны бір-біріне қоспай, бөлек - бөлек, дәл уақытында орындап, апарып өткізер едіңіз. Бұл 3 тапсырманы алғашқы 3 шарттай қабылдаңыз! Алла барша адамның бастығы, сондықтан да адам баласы өзіне жүктелген міндетті орындауға тиіс.  Қайталап айтам, оразаны тастамаңыз, және намазға ниеттенсеңіз оны да оқып кетерсіз!

+1 дауыс
Оразаның сауабын Аллаһ Тағала өзім беремін деген, сондықтан сіздің құлшылығыңызды ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ, бір ескере кететін жайт, ол Исламда бес парыздың бар екендігі. Адам тілін кәлимаға келтіргеннен кейінге жасайтын ең үлкен құлшылығы ол - бес уақыт намаз оқу. Егер сіз дініміздің үшінші парызы оразаны орындап жүрсеңіз, бұл әрине құптарлық іс. Алайда намаздың дініміздің тірегі екендігін ұмытпастан, ниет қылғаныңыз абзал. Уаллаһу ағлам.
0 дауыс
мен 2жылдан бери ораза устайм.бирак бес уакыт намаз окымайм.сабак окуыма байлнысты.сиздин досыныз жалган айтат.намаз окымасада ораза устауга болады.шын ниетиниз болса болды гой.оразанызды Алла сауапка жазсын
0 дауыс
Намаз оқымай Ораза ұстауға болады. Менің де ұстап жүргеніме біраз болды. Бастысы ниетіңіз түзу болса болды.
0 дауыс
Бесеуі бес бөлек парыз, сауабы да өз алдына.
0 дауыс
2. “Алла Тағала парыз екенін біле тұра намаз оқымаған пенденің істеген барлық жақсылығын жоққа шығарады. Тәубесіне келмейінше ондай пендеге Аллаһтың қамқорлығы нәсіп болмайды”.
Омар ибн Хаттабтан(р..л..ғ) имам Бухари
риуаят етті
0 дауыс
Намаз оқымайтын адам ораза тұтуға болмайды, немесе намаз оқымаса ораза да қабыл болмайды деген ешқандай шариғи пəтуа жоқ. Бiрақ бұл тек ораза ұстап, намаз оқымай жүре беруге болады деген сөз емес. Аллах қаласа барынша тез ниеттенiп намаз бастаған дұрыс. Ораза сауабы мол дұғалар қабыл болатын ай. Сондықтан намазға ниет болса Аллахтан намаз бастауымды жеңiлдете гөр деп дұға жасаңыз.
0 дауыс
Өз басым, ораза ұстау арқылы намазға жығылдым, өйткені оразаның әрбір күнін босқа жібермеуге тырысып, әр күнде бір сүреден, я дұғадан жаттап жүріп үйреніп алдық қой, жоғарыдалар дұрыс айтады, намаз оқымайтындар ораза тұтпасын деген пәтуа жоқ, бірақ барынша оразада сауаптардан үміт етіп, мұсылмандардың парызын орындауымыз керек.
0 дауыс
Менде ораза ұстаймын бірақ намаз оқымаймын Ин Ша Алла оқимын
0 дауыс
Салем барине. Рамазан айы барине де кабыл болсын. Мен осы жылы ораза устау бастадым. Меним ойымша ораза устаган кезде намаз окымаугада болады. Бирак намазды Оку керек.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
9 жауап
+3 дауыс
7 жауап
0 дауыс
2 жауап
...