Осы қыздар тұрмысқа шыққанда таңертен тұрып сәлем салу керек екен? Егер болашақта маған сал десе ерінбестен салар едім, бірақ, осы жақында бір жаңалықтардан айтты сәлем салу дұрыс емес, мұсылмансыңба құдайдын алдында ғана иіл деді, сол пікір таласта, бір имам айтты ата-ана Алладан үлкен емес иіліп сәлем салмау керек керісінше жан дүниеңмен құрметтесең жеткілікті деп. Жарайды құрметтеу әр жас келіннің өз санасы, бірақ салт-дәстүрді бірден жоққа шығара алмаймызғой, қайсысы дұрыс? қайсысы бұрыс?
Иә, "Дін мен діл" деген кітабында Қайрат Жолдыбайұлы осындай көптеген сұрақтар мен мәселелерді түсіндірген. Осы сұраққа қатысты сол кітаптан үзінді:
Құрмет ниетімен сәлем салу исламда харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес. Қазақ келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмайтыны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан бері ислам дінін жетік білген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып келе жатқан бұл әдетті ширкке балап, елдің шырқын бұзу – әсте дұрыс емес.