+1 дауыс
18.5k көрілді
Жастар және мәдениет тақырыбында эссе керек еді?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды.
...