Ақпарат http://it-tirlik.kz/?p=694 сайтынан алынды.
Zend Technologies Ltd. (www.zend.com) компаниясымен құрастырылған фреймворк. Академиялық тұрғыдан коды сапалы. Әрине! Авторлары PHP тілін біздің уақытқа дейін жетелеген компания. Білмесеңіз – PHP өзегін жетелеп жүрген топ – Zend Technologies Ltd.
MVC компоненттерімен қатар, кең жүйелі сайт жасау үшін қолданылатып код жиынтығын қамтиды. Youtube.com сервистерімен жұмыс істеймін десеңіз, бұл жерде де ZF сізге қолқанат болуға дайын.
Құжаттамасы жағынан сапалы, бірнеше тілге аударылған. Бірақ ненің қай жақта екенін бірінші кезден білу қиын. Егер жобалау қалыптарымен (design patterns) таныс болмасаңыз қысқа уақыт ішінде уйрену мүмкіншілігі аз. Сонымен қатар PHP5, OOP деген ұғымдармен жақын дос болу керексіз.
Егер бұл фреймворкты ұнатып үлкен деңгейлерге жетсеңіз «Zend Framework Certification» тестін өтсеңіз болады – www.zend.com/services/certification/framework
Тестті тапсырған жағдайда аты-жөніңіз ресми сайттын “PHP Yellow Pages” бетінде орын табады. Қазіргі таңда Қазақстан бөлімшесі бос. Бірінші ZF сертификатының иесі болуыңыз әбден мүмкін.
Қазақстан торына келсек Kolesa.kz, Krisha.kz, Yvision.kz сайттары Zend Framework технологиясын қолданады.
Біз фейрмворктарды не үшін және қандай мақсатпен қолданамыз?
Әр түрлі мақсатпен. Маңыздысы – құрастыру барысын жылдамдату. Фреймворк сіз үшін жүйеңіздің бастапқы құрылымын құрастырып, монотонды болып кеткен ұзын соңар кодты бір жолға сидырады. Ойланып қарасаңыз пайдалары зор. Сізге бағдарламашы ретінде ұақытыңыздың көбін жүйенің архитектурасына көңіл болуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бағдарлау барасының әр кезеңінде алдыңызда жүйенің анық сүреті көрініс табады. Неткен тамаша десеңізші!
Сонымен қатар бұл фреймворктардың түбірінде MVC (Model View Controller) жобалау қалыбы (design patterns) орын алады. Яғни орындалу кодын (Model) қолданушы интерфейсінен (View) ажырататын бағдарламалаудың бірден бір құрылымдық қалыпы. Бұл жерде “Model” орындалу коды үшін жауап береді. “View” – көрініс, яғни мәліметтін браузерде көрінуі. Controller – Model мен View арасындағы байланыс құралы.
MVC қалыпының пайдасы неде? Кодерлер арасында жүрген “Спагетти код” деген ұғымға тап болмау үшін десеңіз бұл да жеткілікті. «Спагетти код » – кодтың түсініксіз шашыраңқы болуы.
Қалай екен, әсерлі ме? Керек десеңіз тағы бір пайдасы сіз бен HTML кодердың арасындағы тәуелсіз жұмыс. Model мен Controller сізге тиесілі, View – HTML кодерге.
Фреймворк таңауда қандай көрсеткіштерге көңіл бөлу керек?
Құжаттамасы, басқа кодерлер арасындағы танмалдығы және сұранысы, қолданудың жеңілдігі және жылдамдығы, ресми қолдау тобы. Біздің ұсынысымызға келсек жоғарғы сипаттамаларға сәйкес келетін бірнеше фреймворктарды қолданып көріңіз. Сонда өзіңіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін тиімдісін таңдарсыз. Тағы айта кетерлік жайт әріптестеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз.
Бүгінгі таңда PHP фреймворктардың ең жақсысы және беделдісі қайсы?
Қызық сұрақ. Халқымыздың аузында жүрген “Бес саусақ бірдей емес” сөздері біздің салада да актуалдық табады. Әр фреймворктың + және – көрсеткіштері бар. Негізгі мақсаттары бірдей болғанымен жетер жолдарында кішкене немесе үлкен айырмашылықтары болуы мүмкін. IT саласында жүрген оқырманға “Holly war” яғни «Киелі соғыс» немесе «Киелі ғазауат» ұғымы әбден танымал. Бұл фреймворктардың арасында да қызу “холлиуар” орын табады. Сондықтан біз танымал фреймворктарға жалпы шолу шасап өтеміз. Өзіңізге жақсы деп көрінген біреуін таңдап аларсыз, құрметті оқырман.
Ақпарат http://it-tirlik.kz/?p=694 сайтынан алынды.