+1 дауыс
97.3k қаралым
Мұрыннан су ағып, тұмау тигенде не істеуге болады? Міне 1 аптадан асып кетті-ау деймін, мурнымнан су ағып тұмауратып жүргеніме. Қалай емделуге болады үй жағдайында. Немесе дәріханадан қандай дәрі алып қолдану қажет?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауа-райының ауыспалы кезенінде тұмаудан құтылу қиындау болады. Аскорбин қышқылын көк тамырға күніне 2 рат 5 күн салдырыңыз (бұрын салдырмаған болсаңыз аллергиялық сынама жасатуды ұмытпаңыз), жиі ауыра берсеніз иимунитетті көтеретін иммунал сиропы жақсы, өзім пайдаланып көрдім, нәтижесі жақсы. Ешқандай побочный эффектісі болмады маған.

Сосын, мүмкін сізде де көктемде пайда боладын мезгілдік аллергия емес па? Ол да тура тұмаудың белгілеріндей болуы мүмкін. Көктемде көк шөп шыққанда пайда болады. Қазір көпшілік адамдарда кездесіп жатыр. Бір танысым тавегил қолданып жүр аллергияға. Аллергиядан құтылудың ең бірінші жолы аллергенге (аллергия туғызатын затқа) жоламау, яғни көк шөпке. Менікі жай болжам, білерім аллергияда да мұрыннан су ағып, көз жасаурайды. Жиі түшкіру тән.

Тұмауда иммунитет көтеруге лимонмен шәй ішіңіз, лимонның өзін былайынша да жеңіз. Ара баллын ыстық сүтке араластырып ішсеңіз болады. Ара балын шәймен араластыруға болмайды, консероген пайда болады-мыс)

Терафлю, ногрип, антигрипин... Жаңадан шығып жатқан түрлері де көп... Саулығынды тілеймін!

П.С: Таң ертенгі жаттығуға ерінеміз, бірақ сол жаттығу көптеген аурудың алдын алады.
Аквамаристің емдік қасиеті өте жақсы . Қаланың ауасы  нашар жерінде  тұратындар, шаң,тозаңы көп жерде жұмыс жасайтындар, мезгілдік аллергиямен ауыратындар үшін және тұмаудың алын алу , ринит және мұрынның қасалқы қуыстарын қабынуларын емдеу үшін Аквамаристі күнделікті қолдану ең жақсы шешім.Жаңа Майроштың пікірін оқыған соң гуглдатып мына сілтемені(www.piluli.kharkov.ua/drugs/drug/aqua-maris/) тауып алдым.Майрош ,оқып көр ,мүмкін өзіңнің практикаңда қолдансаң ,науқастарыңнан тек алғыс алатыныңа 100%  сенемін.Ал Називиннің емдік қасиеті аз, оны тек мурынның шышышты қабатындағы ісінуді азайту үшін ,яғни мұрынды ашу үшін ғана қолданады. Көп пайдаланса, мұрынды кептіріп ,тіпті шырышты қабатын семітіп (атрофия), қайта қалпына келмейтін жағдайға жеткізуі мүмкін.Сондықтан , називинді баларға қолданғанда ата-анасына бір аптадан артық қолдануға болмайтынын қатаң ескерткен дұрыс. Бірақ өкініштісі соны дәрігер айтқанмен , баласына дұрыс қолданып жүрген ата- ана аз ! УФО қолданған өте дұрыс,бірақ міндетті түрде науқасты қан талдаудан өткізіп,нәтижесі жақсы болған жағдайда.  Соңғы кезде  емдік сәуле пайдалануға болмайтын қан аурулары өте жиі кездеседі.
+1 дауыс
Сәуірдің майын ішіңіз. Ауылдық жердегі ағайын-туыстардан сұратыңыз немесе дәріханадан "Грипго" деген дәріні сатып алыңыз. Өте мықты дәрі. Және тағы бір дәрі бар "День и ночь" деген. Екі мезгіл ішесіз. Таңертең кешке. Ол терлетеді. Тер шықса ауруда кетеді. Мен осы үш емдік қасиеттері бар дәрі-дәрмектерді қолданып жазылғанмын.
+1 дауыс
Ешқандай дәрі қолданудың қажеті жоқ.

Сарымсақты /чеснок/ ортасынан жарып ,мұрныңа тығып қой,түшкіріп,мұрыннан су ағып біраз әбігерленесің.Бірақ есесіне ары кеткенде 2 күнде ойнақтап кетесің.Өзім ,отбасым тымау тие бастаса  үнемі осы емді қолданамыз.Осының әсері болар,құдайға шүкір,тымаумен сирек ауырамыз.
0 дауыс
Кішкентай қызымның мұрныннан ылғи су ағып жүреді ол денсаулығына зиян емес па? Не болады? Оны қалай емдеуге болады? Рахмет алдын ала!!!
0 дауыс

Тұмауды антибиотикпен емдегіштерге

Обшым Бэлланың тұмау туралы постында оқырманның екіден үші антибиотикпен емделуге кеңес беріпті. Егер ол точно тұмау (ОРВИ) болса, оған антибиотиктің еш пайдасы жоқ. Неге? Түсіндіруге тырысайын. Антибиотиктер бактерияның клетка қабырғасын бұзады, осылайша оларды "өлтіреді".

Ал тұмау дегеніміз - вирус. Олар тіпті кішкентааай, және олардың клетка қабырғасы жоқ. Сонда әлгі антибиотигің нені бұзу керек? Әшейін ауаға оқ атқанмен бірдей боласың. Тіпті керісінше, вируспен күресіп жатқан ағзаңды одан сайын титықтатасың.

Айналайын, егер сен тұмаудан антибиотикпен емделген болсаң, ол жай ғана сәйкестік, яғни ағзаң вирусты өзі жеңген. Немесе ол тұмау емес, ол ангина, отит, синусит, пневмония тырым-пырым шығар, бірақ тұмау емес. Бұл аурулар тұмаудың дұрыс емделмей асқынуынан болады немесе жеке ауру ретінде де басталып кетуі мүмкін.
Сонда тұмауды қалай емдеу керек?

Мұрынды әлсін-әлсін тұзды ерітіндімен (аквамарис, аквалор) шаю, тамақты тұзды ерітіндімен (бір стақанға бір қасық тұз), фурацилинмен, ромашкамен шаю. Және көп-көп жылы сұйықтық ішу. Лимон, итмұрын қосылған шай, зімбір, бал қосып ішіңіз, морс, компот қайнатып ішіңіз. Обшым в любой непонятной ситуации ішіңіз. Вирус термен, зәрмен шығады.

Бөлмені қайта-қайта желдетіңіз. Артыңызбен емес, терезені ашып.
А лучше, дәрігерге барыңыз.

0 дауыс
"Мерин хилт "деген бады бар сол, барлық ауруға ем
127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,166
пікір
73,057
қолданушы
...