«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл тегіннен-тегін айтыла салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты жетістігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Ал жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты біріктіруі тиіс. Бұл дегеніміз, меніңше, әрбір Қазақстан азаматының өзінен бастап, көпұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қосуы адами борышы деп білемін.
Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын, әлем кеңістігінде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының Елбасы бастамасымен құрылуы – көрегендік пен болашақты болжаудың нәтижесі. Бұл Ассамблеяның орны айрықша. Ол – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жастар еді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты. Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақсы жұмыс істеуге, отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді. Бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның ішінде облыстық этномәдени бірлестіктер ықпалды қоғамдық күшке айналған.
Қазақстанда барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді. Өңірімізді 108 этностың өкілдері мекендейді. Облыс аумағында 20 этномәдени бірлестік және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды. Осы этномәдени бірлестіктердің жұмысына қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жыл сайын барлық этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранты беріледі, облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы да белгіленген. Мәдени бірлестіктер өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, әр жылы облыс жұртшылығының қатысуымен ұлттық мәдениет күндерін өткізіп келеді.
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің достық қарым-қатынастарды өрістетіп, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрлерін насихаттайтын іс-шараларды көптеп ұйымдастырулары қажеттігін Елбасы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында атап айтқан болатын. Осы негізде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» шеруі еліміздің солтүстігі мен батысындағы бірқатар өңірлерде жалғасын тапты.
Ұлт бірлігі ұйысқан Оңтүстік Қазақстан халқы мемлекетімізде жүріп жатқан барлық бастамаларды, тапсырмаларды атқаруда республикада бірегей болып көш бастап келеді десем, артық айтқаным емес. Оған негіз болатындай облысымызда көп ұлттан құралған, ынтымағы жарасқан адам ресурсы, күші жетерлік. Оны ұйымдастыратын жергілікті жердің басшылары, зиялы қауым ауылдан бастап аудан, облысқа дейін барлығы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етуде.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұл өңірге жиі келіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қазынадан қосымша қаржы бөліп, ерекше қамқорлыққа алып жүргені де сондықтан деп ойлаймын.
Негізі, Тәуелсіз Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – өзінің бостандығы мен халқымыздың санғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас асыл бөлігі. Өйткені, ақ патша отаршылдығы кезінде тәуелсіздікті аңсаған, жүздеген көтерілістер мен ереуілдер жасап қынадай қырылған халық батырлары мен қолдан ашаршылық жасап, «халық жауларын» жоюды ұйымдастырған қызылдар қырғынына ұшыраған ұлтымыздың зиялылары, алаш азаматтары, Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ересен үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымыз, ХХ ғасырдың соңында ұлт мүддесі үшін бас көтерген 86-ның қасіретті кезеңін бастан кешкен өрімдей жас патриоттар азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті, қанағатшыл тал бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында ешкімді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміз тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді.
Осыншама қиындықпен келген тәуелсіздік рухымызды асқақтатып болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Бабалар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бастауы – бірлікте, ырыстың алды – ынтымақта екенін айқын көрсетті. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» данышпан Абай атамыз айтқандай, тағдыр жазмышымен біздің жерімізде тоғысқан алуан ұлт пен ұлыстың, өзіміздің де береке-бірлік, достығымызды өсіп-өркендеуіміздің алтын қазығы ретінде ұстанып, болашаққа қарай адымдай беруге тиіспіз.
Бұл орайда, ынтымақ-бірлікке шақырар ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру – уақыт талабы. Өйткені, еліміз ежелден ел ағаларына, ардақты абыздарына, қағидасы қазыналы қарияларына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Талантты тұлғаларына тәу етіп, тұтқалы тәжірибелерінен үлгі алған, еңселерін тіктеп, еңбекке де, ерлікке де ақылмандардың ақ батасы арқылы бел байлаған. Бүгінгі егемен еліміздің мамыражай жағдайында аға ұрпақтың қадірі арта түспесе кеміген жоқ. Әрбір игілікті іс, толағай тірлік, бәтуалы бірлік алаш асылдарының, ақ ниетті ақсақалдарының қолдап-қуаттауымен, ақ жол тілеп алқалауымен жүзеге асып жатады.
Халқымыздың осындай қасиеттерін пір тұтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі республикада алғаш рет «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбымен ел ақсақалдары мен азаматтарының басын қосып келелі кеңес өткізуді қолға алған болатын. Рухани астанамыз қасиетті Түркістанда бастау алып, «Дала парламенті» атанған мәртебелі «Мәртөбе» мен қасиетті Қазығұрт пен Ордабасыда, төрелігі толық Төлеби мен Оңтүстіктегі жер жәннаты Түлкібас аудандарында осы кеңестер жарасымды жалғасын тапты. Ол 2011 жылдың мамырынан бері ресми түрде облыс әкімі төрағалық ететін облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы мәртебесіне ие болды. Осы тұста айта кеткім келеді, облыстың аудан, қала әкімдіктерінің жанынан да «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумдары отау тікті.
Көгілдір көктемді жетелеген Наурыз Оңтүстіктен басталады. Ал «Ырыс алды – ынтымақ» жыл сайын жердің шырайын ашар, көңіліңді шаттыққа бөлер көктемде өтеді. Бүгінде бұл қоғамдық форум мызғымас бiрлiгiмiздi, берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi нығайта түсіп, игi iстердiң жалғасуына жол ашуда. Ежелден сөзге тоқтаған, ел арасында сыйлы, беделді ақсақалдың соңғы сөзін шешім етіп қабылдайтын халықтың ұрпағымыз ғой. Осы тұрғыда ауыл-аймақтардағы орын алған олқылықтарды жойып, шешімін күтіп жүрген күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді жеделдету төңірегінде ақсақалдар кеңесінің ықпалы жоғары. Өз өмірінде сан-салалы білімдерін еңбектегі мол тәжірибесімен ұштастырып, бойдағы бар қазынасын халыққа жұмсаған данагөй ақсақалдардан сайланған кеңес, негізінен, ауыл жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге ұмтылады. Ауыл-аймағын көгалдандыру мен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, темекі мен алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін зияны жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ауыл тұрғындарын имандылыққа, бауырмалдыққа, ізгі қасиеттерге баулу, тұрмысы төмен отбасыларына көмек беруге ықпал ету сияқты мәселелермен айналысады.
Кеңес төрағасы тек ауылының әлеуметтік жағдайы ғана емес, тұрғындарының отбасылық қиындықтары мәселесін де қарап, шешу жолдары жайлы ұсыныс-пікірлерін жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынады, мәселенің соңына дейін жетуін, оны бақылауды өз мойнына алады. Сөйтіп, мемлекеттік органдарға күн сайын дерлік әртүрлі өтініш, арыз-шағымдармен толассыз келіп жататын азаматтардың, оларға жіберілетін жауаптардың санын, яғни қағазбастылықты біршама азайтуға әсер етеді.
Сондай-ақ, ел билеуге төселген турашыл да әділ ақсақалдардан сайланған «билер алқасының» да қоғамда алар орны ерекше. Ел ішінде кездесетін «тентегін» сын тезіне салатын, сахарада ертеден қалыптасқан билер алқасы бүгінде осынысымен құқық қорғау органдарының жұмысына көп септігін тигізуде. «Әр отбасының өз бас ауруы бар», ата-ана, туған-туыс, бауырға көнбейтін жасөспірімдердің мәселесін көп болып қолға алып, құқық бұзушылыққа баруының алдын алады, көршілер арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге көңіл бөледі. Сөйтіп, ел арасында алауыздықты болдырмай, достық пен ынтымақтастықты, елдің береке-бірлігін сақтауға өз үлестерін қосып жүрген билер алқасының қызметі әрдайым қажетті. Олар жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарымен және халықпен тығыз байланыста жүріп ел арасындағы маңызды істердің ұйытқысы да болып отыр.
Осындай мақсатта жер-жерлерде құрылған ақсақалдар, билер институттары, әйелдер кеңесі, жастар ұйымдары қоғамға өз үлестерін қосуда. Мәселен, осы аталған қоғамдық ұйымдарда қаралған мәселелер бүгінде «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының күн тәртібінен орын алып, ауыл арасында күрмеуге келмейтін тірліктер талқыға түседі, нәтижесінде, ел ағалары шешімін табуға ықпал етуде.
Соңғы кезде қоғамымызда жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының және жастардың арасындағы қылмыс өсе түсуде. Бұл мәселеде ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе, бел шеше күнделікті тәрбие жұмысымен айналысып, қоғамға сай лайықты ұрпақ өсіруіміз керек. Олардың сауатты маман әрі тиянақты қызметкер болуына ықпал ету азаматтық борышымыз. Себебі, білікті маман елдің ертеңін жасайды. Ал еңбекке қыры жоқ, еріншек жастар қылмыскерлер тобын арттырары сөзсіз.
Жалпы, жастар мәселесі өте өзекті әрі күрделі. Осы тұрғыда, былтыр Елбасының тапсырмасымен және облыс әкімінің тікелей қолдауымен республикада алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясаты мәселелері жөнінде басқарма құрылған болатын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Осы ұстаным бойынша, әрбір аудан, қалада өкілдіктері, жастар орталықтары жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, бір терезе қағидаты бойынша жас кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары да алғаш рет біздің өңірде ашылды. Сөйтіп, жас кәсіпкерлерге қалай жұмыс істеу жөнінде көмек көрсетіле бастады. Тағы бір ерекшелігіміз, жастар үшін барлық аудандардың орталықтарынан кәсіпкерлік мектептер ашылды. Жастарға қатысты жұмыстардың атқарылу барысы жайлы облыстық мәслихаттың іс-жоспарына сәйкес, сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралып, тиісті шешім шығарылды. Міне, осылайша «Ырыс алды – ынтымақта» көтерілген жастар мәселесін шешуге ел ағалары, халық қалаулылары болып бірлесіп жұмыс жасаудамыз.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрылды. Топ құрамындағы халық қалаулыларының мақсаты, атауы айтып тұрғандай, мәдени бірлестіктермен бірлесіп, облыс халқының ынтымақ-бірлігіне қажетті жағдайларды жасау.
Облыс әкімі А.Мырзахметовтің республика бойынша облыс әкімдерінің рейтингінде екінші орынға ие болуына оңтүстіктегі осы оң істер айғақ болса керек.
Әрине, халықтар арасындағы достық, ауызбіршілік, татулық бар жерде алынбайтын асу жоқ. Күні ертең Астана қаласында еліміздің экономикалық жетістіктері, әлеуметтік игіліктері, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеу мәселелері сөз болатын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін.
Әбілқасым ДОСБОЛОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.