+2 дауыс
6.8k көрілді
Қыз баласы бой жеткен сайын әр-түрлі нәрселерге қызығады емеспе? Менде түрлі тамақтар пісіріп үйренгім келеді, күнделікті тағамдарды білем. Ерекше тәтті тағамдарды білсеңіздер айтыңыздаршы...

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Вафли
1 жұмыртқа
100 гр. сұйық май
150 гр. шекер
200 гр. сүт
2 ст. ұн (400 гр.)
1 шәй қ. разрыхлитель

крем:
3 жұмыртқаның ағы
150 гр. шекер
150 гр. сары май
ванилин

Жұмытқаның ағын шекермен араластырып, ыстық судың үстінде буда жақсылап миксерлеңіз. Оттан түсіріп, жақсылап миксерленген майды, ванилинді араластыра отырып тағы миксерлейсіз.
Креміміз дайын.

Вафли үшін жоғарыдағы мәрзімелерді араластырып, вафли пісіретін ыдысыңызға құйып пісіре бересіз. Піскен вафлилерді жылдам орап, трубочкалар даярлайсыз. Біраз суыған трубочкаларға кремді арнайы кондитерлік шприцтермен немесе целофан қалта арқылы құйсаңыз болады.

Вафлилердің қанша уақытта пісетіндігі вафельницаңызға байланысты. Менікі әр құйған вафлилерім 1 минут өтпей жатып дайын болады.

Вафлиді суреттегідей ыдыспен пісіреміз

Рафаэлло тәттісі

Құрамы:
Сгущенка – 1банка
Сары май – 200 г
Миндаль – 1 стакан
Ванилин – 1пакет
Кокосовы струшки – 200г
Дайындалуы 
Сары майды ерітіп, ванилин және сгушенканы қосып араластырамыз.
Сосын оған кокосовый струшкиді қосамыз да жақсылап араластырамыз.
Дайын қоспамызды тоңазытқышқа саламыз. Бірер сағатттан соң аламыз да ішіне бір дана миндалдан салып, дөңгелекиейміз. Дайын шарларымызды кокосовы струшкиге аунатып аламыз. Міне жаңа жылға арнлған рафаэлло тәттіміз дайын.

Фаршпен қапталған жұмыртқа және картоп езбесі

ҚҰРАМЫ:

Фарш - 300 гр
Пияз - 1 дана
Жұмыртқа - 4 дана
Жұмыртқаның сарыуызы - 1
Картоп - 5-6 дана
Тұз
Қара бұрыш
Алдымен картоптарымызды турап суға тұз салып, отқа қоямыз.

Картоп піскенше пиязымызды ұсақтап турап, табамызға май құйып, қызырғанша қуырамыз.

Фаршымызға

қуырылған пияз, жұмыртқаның сарыуызын, тұз, қара бұрыш салып,

араластырамыз.

Арасына салатын жұмыртқамызды қайнатып пісіріп аламыз.

Тазаланған жұмыртқамызды, фаршқа салып,

барлық жерін қаптап, ұнға бір аунатып шығамыз,

Қайнап жатқан картоптың отын басып, біртіндеп домалақтаған фаршымызды салып, оттың астын басып, ең баяу отта 10 - 15 минут пісіреміз.

Піскен фаршты сүзіп аламыз.
Бұл тағамды картобын езбей сорпамен ұсынуға болада және сорпасыз картопты езіп, гарнир ретінде ұсынсаңыз болады.

АС БОЛСЫН              !
+1 дауыс
жоғарындағы аспаздықтан қара!онда да жақсылар бар!
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/aspaz/?p=305 Осы торттан баста.Тез әрі жеңілірек.
+1 дауыс

Итальянша фрикадельки

http://www.gourmania.kz/2014/07/italyansha-frikadelki.html

------------------

Балды бисквитті торт

http://www.gourmania.kz/2014/05/medoviy-biskvit.html

...