Фаршпен қапталған жұмыртқа және картоп езбесі
ҚҰРАМЫ:
Фарш - 300 гр
Пияз - 1 дана
Жұмыртқа - 4 дана
Жұмыртқаның сарыуызы - 1
Картоп - 5-6 дана
Тұз
Қара бұрыш
Алдымен картоптарымызды турап суға тұз салып, отқа қоямыз.
Картоп піскенше пиязымызды ұсақтап турап, табамызға май құйып, қызырғанша қуырамыз.
Фаршымызға
қуырылған пияз, жұмыртқаның сарыуызын, тұз, қара бұрыш салып,
араластырамыз.
Арасына салатын жұмыртқамызды қайнатып пісіріп аламыз.
Тазаланған жұмыртқамызды, фаршқа салып,
барлық жерін қаптап, ұнға бір аунатып шығамыз,
Қайнап жатқан картоптың отын басып, біртіндеп домалақтаған фаршымызды салып, оттың астын басып, ең баяу отта 10 - 15 минут пісіреміз.
Піскен фаршты сүзіп аламыз.
Бұл тағамды картобын езбей сорпамен ұсынуға болада және сорпасыз картопты езіп, гарнир ретінде ұсынсаңыз болады.
АС БОЛСЫН !
Злой
пікір