0 дауыс
13.0k көрілді

sadblush Мен қандай мамандықты таңдайтынымды әлі шеше алмай жүрмін ,,, ОЗіме ұнайтын әрі өзімнің қолымнан келетін мамандықты таңдағым келеді,,, Ойымда көптеген мамандықтар бар,,,,  Сіздердің ойларыңызша ең жақсы мамандық қандай?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең бастысы елің мен халқыңның ардақты азаматы болуға кеңес беремін!
+1 дауыс
Егер грантқа түскің келсе физика таңда грантқа түсуге мүмкіндік бар Ақпараттық жүйесі.

Егер жақсы білім және шетелде оқығың келсе Аударма ісі немесе Халықаралық қатынас

Егер ақ Халатты болғанды ұнатсаң Дәрігер

Әдебиет География Химия Тарих Таңдауға кеңес бермеймін.
Неге әдебиет тандауға кенес бермейсіз?
Белгісіз
0 дауыс
Ол сенің қабілетіңе байланысты ғой. Қыздар үшін ең жақсы мамандықтар ол - мұғалім, бухгалтер, медбике, оператор ПК.
Мүмкін, бірақ мен бұданда қызығырақ мамандықты таңдағым келеді)))))
0 дауыс
Ол сенің талантың мен талабыңа байланысты. Сен өзің қай мамандықты қатты ұнатасң немесе қайсысына қабілетің жетеді соны таңдағаның жөн деп білемін. Ал ең маңызды мамандықтардың бірі ДӘРІГЕР МЕН МҰҒАЛІМ. Себебі дәрігер адам өмірі үшін жауапты, ал мұғалім сол адамды бар білімге үйретеді.
+1 дауыс
Ең жақсы мамандақ қазіргі уақытта ТЕХНИКАЛЫҚ мамандықтар, бырақ одан хабарың, икемің болса ғана жақсы, Адам мамандықты икеміне қарап таңдауы қажет деп ойлаймын. Жәнеде сен тұратын жеріңе қажетті мамандықты игерген дұрыс, жалпы сұраныстағы мамандықты таңдауға тырыс,
+1 дауыс

Бұл сенің қабілеттеріңе байланысты ғой. Жаратылыстану ғылымдарынан хабардар болып шын мәнінде қызығатын болсаң техникалық мамандық (ақпараттық жүйелер, энергетика, радиоэлектроника, геология, биотехнология т.б) таңдасаң болады. Оның үстіне бұл салалар үкіметтің назарында, гранттар көбірек.

Адамдармен тез тіл табысып, топтың назарын сөзбен өзіңе қарата алатын болсаң, қиын жағдайларды бір-біріне үйлестіріп ортақ шешім тауып "судан құрғақ болып" шыға алатын болсаң - менеджер, жоба басқару (управление проектом), кәсіпкерлік секілді мамандықтар бар. Бір қызығы, бұл мамандықтарға сай келетін "шаққан адамдар" дәл осы салада білім алмаса да игеріп кете алады, бірақ ондай адамдар коп емес.

Егер шығармашылық жағынан дарынды болсаң (ән айту, сурет салу, би билеу, т.б. сол сияқты) Жүргенов академиясы секілді ЖОО тапсырып көруіңе болады. Бірақ гранттар саны, менің білуімше, аз.

Өзіңе сай мамандықты таңдасаң да бұл салада шын білім алып оқу оңай болады деген сөз емес (оған мен сияқты студенттер дәлел). Оқудан кейін табысты жұмысқа кіру ол өзіңнің біліміңе тікелей байланысты.

Солай! Сәттілік! Мамандық таңдаудан қорықпа, қателік жасадым дегеннің өзінде басқа мамандықты оқуға болмайды емес қой)

...