Иә, бәрінен бұрын өзіңді жаратқан Жаратушыға деген махаббат, содан соң Оның елшісіне (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік адам жүрегіне орнықса қалған адамдарға деген махаббат та болады. Әке-шешемді жақсы көрем дейтіндердің өзі кейде ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жатады, мұның себебі Аллаға деген сенімнің, махаббаттың жоқтығы. Ал ата-ананы жақсы көру, бауырларың мен туыстарыңды жақсы көруің осылардан кейін келеді.