+2 дауыс
42.2k көрілді
осы жылы уйге күрделі ремонт жасаймын деп қарайып кеттім, өзім негізі ақ жігіт едім... мені көрген таныстарым қатты өзгеріп, қарайып кеткенімді айтып жатыр, қалай ағарып, өзімді ретке келтіруіме болады? қарайған ұнамайды, ауылдан келген жігіттер сияқты...

12 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы жауап

  Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі ма­скалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі.

  Бет терісі түріне қарай құрғақ, майлы, біріктірілген (комбини­рованный) және қалыпты болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге болады. Майлықтарды салыстыру барысында екі майлықта да май дағы байқалса, терінің түрі қалыпты саналады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары әзер байқалса, онда тері құрғақ болғаны. Немесе екі майлыққа да көп мөлшерде сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер қағаз майлықтың біріндегі май дағы екіншісінен көбірек болса, тері түрі біріктірілген болып табылады. Ендеше бетке косметика өнімдерін немесе маскаларды терінің ерекшелігіне сәйкес қолдану қажеттігі айтпаса да түсінікті.
  Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол.
 

--------------------------------------------------------------------------------

  Алмадан жасалған дәруменді маска. Үккіштен өткізіліп ұсақталған алманы бетке жағып, 20 минут ұстау қажет. Сосын салқын сумен жуып тастайсыз. Егер теріңіз құрғақ болса, алдын-ала крем жаққан жөн.
  Тазартқыш маска. Алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның сарысын қосу керек. Масканы 20 минут бетте ұстап, сосын жылы сумен жуасыз.
  Нәрлендіретін маска. Алма мен сәбізді үккіштен өткізесіз. Бетке жағып, 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.
  Жұмсартатын маска. Алманың жартысын, асқабақтың аздаған бөлігін ұсатып, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық сүт пен аздаған лимон шырынын араластырып, дайын болған масканы 20 минут бетте ұстау қажет. Сосын жылы сумен шаю қажет.
  Сергіткіш маска. Алманы үккіштен өткізіп, ыстық сүтке араластырыып, 30 минут бетін жауып қоясыз. Дайын болған соң бетке жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуасыз.
  Барлық теріге арналған алма шырынынан жасалған маска. Алманы шырынсыққышпен немесе жіңішке үккіштен өткізіп, шырынын мақтаға немесе дәкеге сіңіріп, уақыт бетке қою керек. 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.

  Қысқа арналған маска. Сұлы ұнына үгілген алманың шырыны мен аздаған сүт қосып араластырасыз. Дайын болған қоспаны бетке жағып, 30 минуттен сон жылы сумен тазартасыз.
  Жазға арналған маска. Үккіштен өткізілген алмаға 2 шай қасық бал қосып, араластырасыз. Дайын болған масканы 20 минут бетте ұстап, жылы сумен жуып тастау қажет.

  Егер сіздің теріңіз майлы болса төмендегі маскаларды қолдануға болады.
  Алма мен жұмыртқа маскасы. 1 алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағуызын қосып араластырып бетке қолданасыз. 15 минуттан соң жуып тастайсыз.
Егер тері қалыпты болса, бет күтіміне мына маскаларды қолдану пайдалы:
Ал құрғақ теріге арналған маскалар мыналар:
  Жұмыртқа маскасы. 2 шай қасық жеміс шырыны (алма, лимон, грейпфрут), шикі жұмыртқаның сарысының жартысы, 2 шай қасық майлылығы 9% ірімшік, 1 шай қасық өсімдік майын мұқият араластыру керек. Дайын болған қоспаны 20 минут бетте ұстап, сосын жуып, крем жаққан дұрыс.
  Бананнан жасалған маска. Бананның ¼ бөлігіне 1/2 қасық нәрлендіргіш крем, әрқайсысынан 3 тамшы лимон мен зәйтүн майын қосып араластырып, бетке жағасыз. 15 минуттан кейін жуу қажет. Қыс айларында бұл масканы қолданса, теріге пайдасы көп. Бананның жұмсағы теріні ылғалдандырады, ал құрамындағы бай А дәрумені құрғақ, тітіркенген тері үшін пайдалы.
  Сонымен қатар бет терісі күтіміне лимоннан жасалған маскалар да пайдалы. Лимон В1, В2, D дәрумендеріне және аскорбин қышқылына бай. С дәрумені зат алмасуда маңызды рөл атқарып, барлық ағза жасушаларын қоректендіреді. Сондай-ақ лимон адам ағзасындағы көптеген ауруларға ем.
  Құрғақ бет терісіне арналған лимоннан жасалған маска. 1 ас қасық қаймаққа әрқайсысынан 1 шай қасық бал, лимон шырыны және кастор майын қосып араластырып, қоспаны бетке таңертең жуынардан 5-7 минут бұрын жағу қажет, сонымен бірге тазартылған бетке кешке де қолдануға болады.
  Майлы теріге арналған маска. Бұл үшін 1 жұмыртқаның ағуызын көпіршітіп, үстіне 1 шай қасық лимон шырынын қосу қажет. 5-7 минут сайын бірнеше мәрте жағып, масканы дымдалған мақтамен тазарту қажет.

Маскаларды қолдану нәтижесінде бет терісі үлбіреп, нәрленеді, егер маскаларды жақсы  өз орнымен пайдаланып жүрсе  беттің  терісі нәзіктене түседі!  Бұл маскалардың жасалу жолдарын   http://www.muslimwomen.com.kz/kk/content/  осы жерден алдым! алайда, айран мен қатық  жақсы көмектеседі, егер  сіздің бетіңіз құрғақ болса!
мэээ Ү*М*І*Т қолданушы өзінің жауабын жақсы жауап деп белгіле деп ұрсыватрРр, угражать етип еще! барибир белгілемейм жақсы деп:))) басқа біреуге жазғаның маған копировать етип жібере салып еще бір жауабынды екі рет жақсы деп белгілеу керек па сондааааа,? маған арнайы жаз! Порфессор еще озі:))) мен балл жинау үшін отырған жоқпын, біреуге көмегім тиіп қала ма деп отырм! вот так вот Умкааа хээээ
неге урысып турсындар коширмесин саган жиберсе ол саганда керек болганы да!
Димаш оидан шгара бермеш осы, кандаи адамсын гавыыыр
маған жабылмандар эээ, кім бар жақтасатын...
саған жақтасатын жоқ-ау!!!))))))))))
ыхыхыхы)))) жас едік ғой бұл кезде...
бұл жол, яғни маскалар  шынымен әсер ете ма?
+2 дауыс
Неге олай дейсін? Барлығымыздын түп ата-бабаларымыз ауылдан шыққан ғой. Қазақтың қарапайым қара баласы болуға не жетсін??????????
осылай айтатындарыңызды біліп едім... оданда білсеңіз ағарудың жолық айтыңыздаршы! анау-мынау деудің қажеті жоқ
Күніне бір сағат тоңазытқышқа кіріп шық)))
–4 дауыс
енді күн көзіне көп шықпаңыз, уйде жатыңыз, демалыңыз. қорықпаңыз мәңгілікке қара болып қалмайсыз)))
+4 дауыс
енді ағару деген өте қиын іс қой, әсіресе жазда. 6 ақ ай күт қыс келеді, ағарасың, сәттілік!!!!!!!! Шыдамды бол!!!!!
6 -ақ ай ма????????!!!!!!!!!!!! көп ғой, мен сабақ басталғанша ағарып кетуді ойлап жүрсем....
–4 дауыс
Онда күнге шықпа егер шыдай алмай шығып тағы да қарайып жүрсең ҰН жақ денеңе
ұн?! гипс жағып қатып қалсам қалай болад екен:)))) сол далаға саған 10 нан кейін ғана (кешкі) шығып жүрмін ғой:))) фууууу жыным келед айнаға қарасам.... қарайтпайтын крем қолданум керек еді..ыыыыы
ни че агарасын сыныптастардан еш уйалудын кажети жок!
+3 дауыс
-Бетiне кунде айран жағып қой!
-уйден шықпауға тырысыңыз!
-мумкiн болса, кунде моншаға тусiңiз!
-сыртқа шықсаң жабық киiм киiңiз!
–3 дауыс
Менің ойымша: Сізге ағарудың ең оңай жолы-кунге шығу керек! Сізді қарайтқан күн, ағартудың да жолын білетін болар!!!!
Ауылдан шыккан қазақтың қара баласымын деуге намыстанған ұлға-осы жауап лайықты болар деп ойлагам!!! Ренжімеңіз!!!
0 дауыс
Ағарғын  келе ме...? Ак жігіт екенсін, қорықпа, қайта ағарасың!
Ауылдан шықтық ғой ,оның несі ұят!
рахмет брат! (толықтыру үшін не жазсам екен)))))))
+1 дауыс
Сәлем! Ағару ушiн алдымен моншаға жиi тусіңіз және бетiне қиярды пайдаланған жөн.
Кунге шықпауға тырысыңыз!
Бетіңізге күн сайын  қаймақ жағыңыз. Сосын ол кепкеннен кейін жуыңыз, болмаса айран жағыңыз.
+1 дауыс
1 шай қасық лимон шырынын 2 шай қасық таза балмен араластырып күнде бетиңизге жағыңыз 10 минут
Әппәқ жигитке айналасыз
0 дауыс
1 кесе геркулеске 1 кесе су куйып газге кайнатып  5-10 мин кейин коймалжын болгасн газден алып сода косып бетин жауып кой суыгасын бетине жагасн. кунде жаса
0 дауыс
Айран жақсай болдығо

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
–1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
9 жауап
...