+4 дауыс
19.2k көрілді

Кеше бір кісіден "Тәуелсіздік бізге өте оңай келді. Кеңес үкіметі құлап қалды. Болды. Біз тәуелсіз боп шыға келдік"деген пікір естідім. Осы пікірге пікірлеріңізді білдірсеңіздер...

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Дәл солай! Кеңес үкіметі құлап қалды. Кеңестер Одағына кірген 15 республика бірден өз тәуелсіздіктерін жариялап жатқанда, біз (басшыларымыз) Мәскеуге қарап отырдық. "Не айтар екен?" деп. Сонсоң барып, 15 елдің ішінен 13-болып амалсыздан біздер де өз "тәуелсіздігімізді" жарияладық. Еш қиындықсыз келген соң да желтоқсанның 16-сына бүгінде бізде ешқандай құрмет жоқ. Желтоқсанның 1-де шырша жағылады. Президент құттықтау сөз сөйлейді. Алайда Желтоқсанның 15-іне дейін Тәуелсіздік туралы еш құттықтау көрмейсің. Ал айналаң "Жаңа жылыңмен" деп атойлап тұрады. Ал "Желтоқсан көтерілісі" болса, ешқандай да тәуелсіздікке бағытталған қозғалыс емес. Ол бар болғаны "елді өз ұлтынан шыққан адам басқарсын" деген бейбіт түрде өткен шеру болатын. "Біз Кеңес Одағынан бас тартамыз" деген ешқандай ұран болмады. Бар болғаны "Долой Колбин" деді. Әрине, ол да ерлік. Бірақ ешкім "Тәуелсіз Қазақстан үшін!" деген транспорант ұстаған жоқ! Боздақтарымыздың жандары Жаннатта болсын, алайда, менің көзім жеткен шындық осындай. Біз "орыс" десе жанымызды беруден әлі бірінші орында келеміз... Өкінішті!

Желтоқсаншылар тәуелсіздік алуға түрткі болды,олардан кейін Грузия,Прибалтика тағы басқа одақтас республикалар көтеріліп кетті.Мызғымас Одақтың құлауына себеп болды.Айдарынан жел есіп тұрған СССРға қарсы шығу деген ,елеусіз нәрсе емес,сол күні қазақ жігіттері қазақ қыздарын қорғай алмай еңіреп тұрып неге жылапты,неге намыстан өртеніп күйіп ,соққыға жығылып түрмеге түсіпті.Өмірлік азығынан,бүкіл арман қиялдарынан неге айырылыпты.Оп оңай қалай жаза саласың,„Долой Колбин!деп айтып үйіне берып шәй ішіп отырғандай.Қазір ғой ерінбегеннің бәрі Назарбаевты жамандайтыны,ол кезде Ел басшысы тұрмақ,қатардағы орыстарға қатты сөйлеп тойтарыс беріп көр.Тәуелсіздікке дейін 200 көтеріліс болған!Тәуелсіздік оңай келген жоқ!Алла сақтасын бүкіл халық орыс боп кете жаздадық.Ұлы орыс халқының көлеңкесінде жүріп,дүние жүзіне қазақ деген ел бар екенін,онда намыс бар екенін көрсеткен,қазақ жастары,мызғымас одаққа ең алдымен қарсы шыққан желтоқсаншылар туралы қалай қалай сөйлейсің.Жатаханадағы  қазақ жігіттерін сабап,кейбірін терезеден лақтырған,ойында түк жоқ келіп қалған қазақ қыздарын олардың көзінше қорлағанда,жатаханадағы қолына түскен банкілерге дейін лақтырған,алаңда қашарға жер таппай подьездерге қашып кіргенде,здесь калбиты деп орыстар айқайлап бәрін ұстап берген,сол бір қасіретті күндер туралы жеңіл желпі сөйлеуге болмайды!Жұмыста ,қоғамдық орындарда талай нервіміз кеткен,өркөкіректердің талайын басқанбыз.Ресеймен дос болса,ол күшті мемлекет,азуы алты қарыс Ресейден АҚШ та қорқады,сондықтан дос боп жүріп өз ұпайымыз да түгел,қазақтанып келеміз.
+4 дауыс
Меніңше, уақыт өткеннен кейін еріккендер ермек қыла салатын оңай тақырып бола бастады, себебі біздің тырысу бағытымызда Демократия ғой...

ПЫСЫ: Жасың он тоғызға келгенде үйден жіберіп, "ал Балам айналайын, бақтық,  қақтық, ендігі күніңді өзің көр, қайда жүрсеңде аман жүр, оқыс қадам жасама"  деп тілегін айтып қалған ешкім болған жоқ, соны білем. Біздің ел енді жігіт болып атқа мініп жатыр...
+2 дауыс

Рас, КСРО-ның керегесі сөгілген соң іле-шала одақтағы басқа мемлекеттер өз тәуелсіздігін жариялап жіберді. Біз ғой... әлгі әдетімізбен соңында қалдық. Орысқа жалтақтай жүріп елдің егемендігін лажсыз алғандай болдық. Бәрі басшыларымыздың кесірі. Әлі күнге дейін солтүстігіміздегі сары халықсыз күнімізді қараң сезінеміз.

Шыны керек, тәуелсіздікті ұлтымыз емес, мемлекетіміз ғана алды...

0 дауыс
Менде келісемін
...