+1 дауыс
64.5k көрілді
Менiң, 3 жасар сiңлiм тез шаршап кала бередi, тамаққа да тәбетi жоқ. Дәрiгерге апарып едiк, қан аздықтан және iшiнде құрт болуы мүмкiн дегендi айтты. Бiрнеше анализдер тапсырып құрт түрiн анықтау керек екен. Аскорида құрты деген не? Неден пайда болады? Қандай халық емiн бiлесiздер құрт түсiру жане қан аздыққа қарсы?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алдымен мына сұрақтарға назар аударамыз.

https://surak.baribar.kz/87764/

https://surak.baribar.kz/86834/

https://surak.baribar.kz/9611/

Құрамы темiрге бай тағамдармен тамақтану қажет. Әдетте, ет, балық және тауық етi құрамында темiр мөлшерi көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), көкөнiстерінде де темiр бар.

Сондай-ақ тағамды шойын ыдыстарға пiсiргеннiң де пайдасы зор. Денеге темiрдi сiңiрiп қабылдауы үшiн негiзгi тағамға қоса көкөнiс пен жемiс-жидек жеген дұрыс. Кофе мен шәйдi тамақтанып болғаннан соң iшу керек.

Қан аздықтың қалыпты және ауыр түрiмен ауырғанда темiр қоспалы дәрi-дәрмектер қабылдау қажет. Мәселен, темiр сульфатты дәрiлер. Мұны, әсiресе, қан аздықпен зардап шегетiн жүктi әйелдер iшуi керек.

Қан аздықтың барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалы. Темiр қоспалы дәрiнi әдетте егу арқылы емес, дәрi түрiнде қабылдайды. Өйткенi ине салғызу қанша дегенмен де қауiптi және әсер ету күшi жағынан да iшетiн дәрiден артықшылығы жоқ.

Егер қан аздық iш сүзегi салдарынан, безгек зардабынан пайда болса, онда осы ауруларға қарсы емделу қажет. Қан аздық ауруынан емделуге болады. Ол үшiн ауру адамға қан құяды, қажеттi дәрi-дәрмек бередi. Дұрыс тамақтану мен ұйықтау мерзiмдерiн сақтау, таза ауада көбiрек демалған дұрыс.

Ауру белгiлерi байқалысымен оны анықтау және тиiсiнше ем қабылдау үшiн дереу дәрiгерге қаралу керек.

Темір препараттарын қабылдап жүрген кезде тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Темірдің сіңімділігін арттыру үшін, құрамында С витамині бар тағамдарды молырақ пайдаланыңыз. Олар: цитрус жемістері, қызанақ, түрлі-түсті қырыққабат, т.б. Итмұрын сусыны құрамында С витамині мол болады. Бірақ итмұрын тіс эмалін бұзатын болғандықтан, оны түтікше арқылы ішу керек.

Ішек құрты.

Көктем мезгілінде көп адамдардың бойын әлсіздік билейтіні бар. Ал енді бір адамдардың бетін, денесін ақ таңдақтар қаптаса, екінші­ле­рінің шашы түсіп, үшінші бі­реулер қатты жүдеп кетеді. Бұлардың бәрі адамның ішін­дегі ішек құрттарының әсері­нен пайда болады екен.


Адам ағзасына бұл құрттар қалай түседі?

«Ауру – астан» деген сөз тегін айтылмаған. Адам ауруды өзі жейтін тағамдардан табатыны әлдеқашан дәлелденген. Біз сөз етіп отырған құрттар да ағзаға тамақ арқылы түседі. Мәселен, ет пен балықта майда құрттар көп болады екен. Балалар жақсы көретін «кириешки», «чипсыларда» да майда құрттар бары анықталған. Шала қуырылған, аз қайнатылған аста олар тірі қалады да, ағзада да тіршілігін жоймайды, керісінше көбейіп, дами түседі. Жас балалардың ағзасы әлсіздеу болғандықтан мұндайда асқазан, кіндік тұсының ауыратынын айтуы мүмкін. Құрт ауруларының салдарынан адам көп терлейтін болады, шаштары түседі, бетке ақ таңдақтар түседі. Бұл ересектердегі белгілер.


Ішек құрттарынан қалай құтылуға болады?

Шымкенттегі «Сауықтыру орталығында» істейтін суджог-терапевт Гүләйім Асқарова (суретте) ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2-3 күнде түсіруге болатынын айтады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады екен.  Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалатын көрінеді. «Оның қорқынышты түгі де жоқ, – дейді Гүләйім Ермат­қызы. – Ол денені, тәнді ауыртпайды, қайта массаж сияқты әсер етеді. Бар-жоғы 8 минутта магниттің айналуы арқылы құрттар жансызданып, өздігінен, табиғи түрде түседі. Бұл процестің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Қайта адам ағзаны іштен кемірген сан түрлі дерттен оңай арылады. «Зингда» арқылы ересектер ғана емес, жас балалар да ішек құрттарынан арыла алады.

Жақында «Зингда» аппараты арқылы эхинококкозбен ауырып, операцияға дайындалып жатқан жасөспірімнің құртын түсірдік. Бауырындағы жылан секілді ұзынша құрттан құтылған бала бізде екі апта ем қабылдады. Өйткені құрттардан толық арылудың емдік курсы 14 күн. Қазір ол жігіт тиісті дәрілерін қабылдап, демалып жатыр. Эхинококкоздан операциясыз құтылғанына қуанышты».

Аталмыш сауықтыру орталығының мамандары келушілерін Ресейден әкелінетін «Сібір денсаулығы» корпорациясының дәрілері арқылы да емдейді екен. Бұл дәрілердің елімізге әкеліне бастағанына үш айдың ғана жүзі болыпты. Ішек құртын түсіргісі келген адам ағзасын дайындау үшін алдымен осы шөп дәрілерді ішуі керек екен.

Бұл қандай дәрілер?

«Лимфосан-П» деген дәріні он екі елі ішек, асқазан жолдарында құрттары бар адамдар ішеді. Ал «Лимфосан-Г» дегенді бауыр жолдарындағы құрты барлар, «Лимфосан-Е» аш ішек, тоқ ішек, тік ішекте құрты барларға беріледі. Олардың бүйректегі, өттегі тасты түсіруге де пайдасы бар. Ал бағасы анау айтқандай қымбат емес, оны кез-келген қарапайым тұрғынның қалтасы көтереді», – дейді Г.Асқарова.
Сөз соңында аталмыш «Сауықтыру орталығы» жайлы да айта кетейік. Асқаров көшесінде орналасқан бұл орталықта келушілерге дәрігерлер тегін кеңес береді. Ал «Зингда» аппаратының әр сеансы 500 теңге. Мұнда 10 жасқа дейінгі балаларға диагноз қою 500, ал ересектердің ауруын анықтау 1000 теңге тұрады.

Шұбар қалампыр
(Dianthus discolor) — сабағының ұзындығы 20— 40 см көпжылдық қалампырдың бір түрі. Кавказдың альпілік және субальпілік шабындықтарында, жайылымдарында, орманды тауларында өседі. Мұны мал жемейді. Шұбар қалампырдың дәрілік мәні бар: қуық тұтылуға қарсы, іштен құрт түсіру үшін қолданады.

Отиниш шымкенттеги адресин толык жазынызшы.ким биледи.отниш
Аскарова неше.адрес таппадым гой
"Зингда" аппараты жайлы оқып барғым келіп отыр.Маған жақында дәрігер аскоридоз деген диагноз қойып еді.Шымкенттегі сауықтыру орталығының толық мекен жайын бере аласыздар ма?
Шымкенттегі адресті айтып жібересйздерма?өтініш
Сосын асқындырып алма! xалық дәрісімен емлеймін деп. Гелминтолог- паразитолог деген мамандары бар соғаникөрнуикерек
+1 дауыс
Адам денесіндегі құртты түсіру үшін асқабақ дәнінің пайдасы зор!
+1 дауыс
қан көбейту үшін жанғақ пен мейізді етшеккіштен өткізіп, оған бал(әсел)араластырып күнде тамақ ішер алдында 1 шай қасықпен жеп отыру керек, өте пайдалы, ем болсын
Коп рахмет ! Барi  жаксы жауаптар болды! Алланын, нуры жаусын сiздерге!:*
0 дауыс
саламатсыздар маган сиздердн комектернз керек мен шмде курт бар болса алматыда канда жерге барып карлсам болады аитынздарш каи орталык бул ауруды караиды
Гельминтологқа жолық
0 дауыс
Салеметсизбе! Церроз печенди калай емдеуге болады?
0 дауыс
Алматыда куртты алатын жердин мекен жайын айтасыздарма
Қуртты алмайды, емлейді.
0 дауыс
Түркістан қаласында құрт бар жоғын анықтайтын орындар бар ма болса мекен жайын берсеныздер...
0 дауыс
Саламатсыздарма?Сауықтыру орталығының адресін  толық  жазып жібересиздер ме?
0 дауыс
Қурт барма жоқ па тексеру қәзіргі медицина дамыған заманда еш қиындыгы жоқ.  Улке дәретіңдіимедициналық орталықиарға тапсыр болды аскарида бар ма жоқ па деру  нәтижесін шыгарып береді..
0 дауыс
Оте жаксы жазылган Шымкентте кай жерде толык адрес бериниздерши. Менде курт бар кац тури екенин билмеймин. Сауыктыру орталыгы аныктайдыма барсам. Азып кеттим мулдем
0 дауыс

Менде курттын екы туры бар и анемия өт бұзылған екен. Калай емдесем болады sad  адрес мағанда айтыныздаршы ойласам жылағым келеді

0 дауыс
Сəлематсыздарма 6 жастағы ұл баламның ұлы дəрет шығатын жерінен су ағат неден болуы мүмкін
0 дауыс
Адрес и телефон номер кайдан алуга болады
0 дауыс
Ол балалардағы ең үлкен құрт жоймаса қауңп тудырады

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
9 жауап
...