Құдық қазу кәсібі туралы толығырақ мәлімет керек!

0 дауыс
12.1k қаралым
Құдық қазу кәсібі туралы толығырақ мәлімет керек!
Экология
Маладец!

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

 

Құдық.
Құдық– гидротехникалық құрылыс. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды. Сонымен қатар құдық мұнай, т.б. сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткей суларды аластау (топырақты кептіру) және жер асты суларының режимін зерттеу мақсатымен де қазылады. Құдық— жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды. Қолданылуына қарай құдықтар грунт, артезиан, кәріздеу және бақылау болып 4 түрге бөлінеді. Құдықтар қазылу әдістеріне қарай шахталы (шегенді) және құбырлы деп аталады.
Шахталы құдықтар тереңдігі 30 – 40 м, ал диаметрі 0,8 – 1,5 м болатын дөңгелек не шаршы пішінді шахта түрінде қазылады. Кейбір шахталы құдықтардың тереңдігі 100 м-ге (Маңғыстау облысында), кейде 300 м-ге жетеді. Ол жер бетіне жақын жататын грунт суымен елді мекендерді және мал жайылымдарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Олардан тәулігіне 100 м3 және одан да артық су алуға болады.
Құбырлы құдықтар бұрғылау ұңғымасы тәрізді. Олардың тереңдігі 800 м-ге жетеді. Алматы облысында тереңдігі 250 – 300 м-лік құбырлы құдықтар бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
21.12.2013 Қызық сұрақтар Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
127,681 сұрақ
322,186 жауап
153,247 пікір
72,702 қолданушы