0 дауыс
1.6k көрілді

Құдық шегендеу кәсібі туралы мәлімет керек!enlightened

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Шегендеу- каптаж (франц. captage — ұстап қалу) — бұлақ және әр түрлі жер асты суларын жинайтын әдейі жабдықталған құрылыс. Мұндай жұмыстар мұнай, газ кендерін пайдаланғанда да қолданылады. Шегендеу құрылыстарына шахталы құдықтар қазу, ұңғымалар жүргізу, т.б. жатады. Кішігірім тұмалар мен қайнарларды Шегендеу үшін олардың су көзі аршылып, саз, ұсақ түйірлі құмнан тазартылып, тас не басқа материалдармен қоршалады. Судың мол жиылуы, өнімнің көбеюі, таза болуы және ұзақ уақыт пайдалануға ыңғайлы болуы үшін бұлақ көзі көбіне тереңдетіле қазылады да темір, асбест құбырлар орнатылады. Құдық қабырғалары темір-бетон цилиндрлермен бекітіледі. Құдыққа сулы қабаттан су еркін келуі үшін төменгі цилиндрді тесіп, түрлі торлар орнатады. Ұңғымалар қабырғалары да темір құбырмен бекітіледі, құбырдың сулы қабат арқылы өтетін бөлігіне тор қойылады. Бұрын шөл, шөлейт аудандарда қарапайым әдістермен құдықты шегендегенде су дәмін бұзбайтын бөрене, тақтай, ірі бұталы өсімдіктер, т.б. қолданылған.

http://kk.wikipedia.org/wiki/Шегендеу
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/Шегендеу
...