+1 дауыс
67.7k көрілді
Жаз келіп күн ысыйды терлейсің қолтыққа шашатын дезодаранттар аллергия береді басқа қандай жолдары бар формидрон спиртін пайдаланып жүрмін одан басқа?қолаңса жайлы айта кетсеңдер?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Теріден шығатын жағымсыз иістің себебі терлеу емес. Терлеген кезде ешқандай иіс шықпайды. Ол басқа біреудің киімдерін кигеннен, қолтыққа жағатын түрлі дезодоранттарын пайдаланғаннан жұғып кетеді. Үнемі жуынып жүрмеу салдарынан асқынады. Біреудің қырынатын құралын пайдалануға болмайды. Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен терідегі жағымсыз иістер қозады. Теріден шығатын жағымсыз иіс бала күнінде тұзға шомылдырмау (дұрыс шомылдырмау) салдарынан жасөспірім шақта пайда болады. Егер иіс өзгеріп немесе күшейетін болса, тіршілікті қамтамасыз етуші табиғи үдерістердің бұзылғанын хабар береді. Себеп – тамақтану жүйесінің бұзылуы.

Қолаңса исін кетірудің жолдары:
Кез келген жағымсыз иістерді, соның ішінде аяқтағы, денедегі, қол астындағы иістерді кетірудің ежелден танымал жолдарының бірі – құрамында 40 пайыз ашудасы бар формалин қоспасын пайдалану. Оны иіс шығатын дене бөлігіне үнемі жағып жүру қажет.

Шалфей майы, эвкалипт майы, қарағай майын араластырып, майлы жұпар қоспасымен бірге душқа арналған гельге қосып пайдаланымыз.

Өткір, жағымсыз тер иістерінен құтылу үшін күн сайын қолдың астын шәй саңырауқұлағының бір ай бойы тұндырылған тұнбасымен сүртіп отыру керек. Содан соң оны сабынмен жақсылап жуып тастаймыз.

Аптекада Теймуров пастасы сатылады. Бағасы аса қымбат емес. Жуынғаннан кейін иіс шығатын жерлерге сол пастаны жағуға болады. Алғашында тері салқындап, бейтаныс иіс шығуы мүмкін. Бұл әдісті аптасына екі рет қайталаса болады.

теймуров дарысы колтыктын иысын кетыреме
+1 дауыс
Бұл мақаланы жазуға шабыттандырған, жұмыстағы бір шопыр кісі. Шопыр болғандықтан, жұмыс бабымен арылы-берілі жүргенде бір көліктің ішінде кейде бірнеше сағат бірге отыруға мәжбүрмін. Сағат түгіл, бірнеше минут сол кісімен бірге отыру, мен үшін үлкен сынақ екенін де айтайын. Бәріне кінәлі, ол кісінің арамдығы, немесе адамгершіліктен жұрдай болуы емес. Тіпті көлікті дұрыс айдай алмайтындығы да емес. Бәріне кінәлі, өздерің шырамытып отырғандай, ағайымыздың жағымсыз қолтық қолаңсасы мен ащы шуаш иісі. Ол қанша сыпайы, иманды, инабатты болса да, амалсыз тыжырынып, әңгімесін тыңдамақ түге, оның бағытына бетіңді бұрғың да келмей, терезені ашып, лоқсуға сәл-ақ қалып отырасың.
Ал енді ойланып көрелік, егер сіз де осыншама ішкі дүниеңіздің байлығымен, өзіңіздің тері иісіңізді сезбей біреуде осындай құсу рефлексін тудырсаңыз, не деген масқара десеңші!?

Көп адамдар өздерінде жағымсыз иіс бар екенін, өзге түгіл өзіне де мойындағысы келмейді… Сонымен тері иісіне байланысты ескеретін жайлар:

1) Бұрын жоқ еді, біреуден иіс жұқты деген сылтауды қойыңыз. Кімнен жұқса да, тырысқан адам пайда болған иістен құтыла алатынын есте сақтаңыз.
2) Біреудің киімін, әсіресе аяқ киімін киюші болмаңыз. Тіпті жеңіл сүйретпе болса да. Жалаңаяқ көбірек жүріңіз. Шұлықты күнде ауыстырыңыз.
3) Мақта, жүн, шыт сияқты ауа өткізетін матадан жасалған киімдерді киюге тырысыңыз, синтетикалық киімдер бактерияның көбеюін жылдамдатады.
4) Дені сау адамның барлығы дерлік терлейді.Бірақ иісті тудыратын негізінен бактериялар. Орташа адамға тер иісі болмау үшін күнделікті шайынып, бактерияға қарсы сабынмен себепті жерлерді жуып тұрса жеткілікті.
5) Дезодорант қолаңсаны емдемейді. Тек 6-7 сағатқа иісті басады. Дезодорантты тек таза, құрғақ денеге себу керек.
6) Әсіре көп терлейтін адамдарға дезодорант-антиперспирант қолданған дұрыс, ол иісті жасырып ғана қоймай, тер бездерінің жұмысын тежейді.
7) Кейбір адамдардың иісі жуынса да кетпейді. Оларға жалбыз суының ерітіндісімен жуынуға болады. Кетпесе, міндетті түрде тері дәрігеріне көрін. Дәрігер себебін анықтап, емдеудің дұрыс әдісін таңдайды.

Жазба: http://www.beu.kz/blog/14.html сайтынан алынды.
0 дауыс
Саламатсыздарма? Менде сұрақ бар еді: Әщщі зат жесе қолтықтан жағымсыз иіс пайда боладыма?
0 дауыс
Мен тəтемнің қолтығынан жағымсыз иіс шығады. Ол кісінің айтуынша ол суық салқын жерде отырсада терілейді жəне жағымсыз иіс шығады
0 дауыс
BalausakonysbajЖағымсыз иістен қалай айығуға болады.жылы суға 1 гай қасық ас содасын салып онымен күніне 1-2 рет терлейтін жерлеріңізге жағып артынан салқын сумен шайсаңыз болды.Осы комектеседі
0 дауыс
Теймуров пастасин жакканда оган антисперанттарди жагудин кажети жокпа жакпайак журе беруге болама

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 30.03.2015 Тазалық сұрақ қойды
–2 дауыс
5 жауап
0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...