+2 дауыс
14.5k көрілді
Ғафу Қайырбеков Ыбырай Алтынсарин  туралы жазған дала қоңырауы поэмасы керек тез арада ?

3 жауап

0 дауыс
Гуглиден іздесейші, онда бәрін табасың.
Таппадымғо тапсам бұл саитқа сұрақ қоймас едім ғо ?!
Белгісіз
0 дауыс
Таптынызба ?

Тапсаныз жибересизба
0 дауыс
Дала қоңырауы

1


Арқада бір өзен бар,

Өне бойы тал,қамыс.

Өне брйы балықтар,

Өне бойы толған құс.

Үстінде оның боз торғай

Ылғи таңда сайраған.

Қарауыңа көз талмай,

Көңіліңді байлаған.

Бетінде оның теңселген

Əсия-гүл-көк қалпақ.

Кешіп барсаң белшеңнен,

Жасыл сауыт топ-томпақ.

Ілігеді қолыңа

Ирелеңдеп сабағы.

Жатар түнде жолыңда

Айдың аппақ табағы.

Қаймығасың басуға

Алам ба деп сындырып.

Құлағыңның қасында

Сыбыр-сыбыр тұнғиық.

Анау жерден ақ қайран

Айға шапшып секірді,

Су астынан лақтырған

Күміс ақша секілді.

Мынау жерден бір шортан

Шайқап өтті құйрығын,

Сонысымен шайқалтқан

Нар қамыстың сүйрігін.

Иір-иір-кезең жар,

Көзің кетпес тоқталмай.

Арқада бір өзен бар

Аты оның-Көк Торғай
...