Дала қоңырауы
1
Арқада бір өзен бар,
Өне бойы тал,қамыс.
Өне брйы балықтар,
Өне бойы толған құс.
Үстінде оның боз торғай
Ылғи таңда сайраған.
Қарауыңа көз талмай,
Көңіліңді байлаған.
Бетінде оның теңселген
Əсия-гүл-көк қалпақ.
Кешіп барсаң белшеңнен,
Жасыл сауыт топ-томпақ.
Ілігеді қолыңа
Ирелеңдеп сабағы.
Жатар түнде жолыңда
Айдың аппақ табағы.
Қаймығасың басуға
Алам ба деп сындырып.
Құлағыңның қасында
Сыбыр-сыбыр тұнғиық.
Анау жерден ақ қайран
Айға шапшып секірді,
Су астынан лақтырған
Күміс ақша секілді.
Мынау жерден бір шортан
Шайқап өтті құйрығын,
Сонысымен шайқалтқан
Нар қамыстың сүйрігін.
Иір-иір-кезең жар,
Көзің кетпес тоқталмай.
Арқада бір өзен бар
Аты оның-Көк Торғай