Мақалдардың да әртүрлі астарлы мағынада айтылатыны болады. Бұл жерде балалардың жастық максимализммен, жастық бейғамдықпен жүріп, өзіне шынында өмір бойына қажетті білімді жинап үлгере алмай қалуы айтылып тұрса керек. Болмаса, біз оны солай қабылдап үйренгенбіз. Қанша дегенмен, кез келген тұрақты тіркес, идиомалар, мақал және мәтелдердің уақыт өте келе, заман алмаса келе, өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, өз заманының лебіне қарай жаңа мәнге ие болып жатады. Сондықтан, бұл сөз тіркесін жастардың білімге деген құштарлығын ашу үшін пайдаланған да жөн шығар.