–1 дауыс
52.9k көрілді
Қан қысымы төмен 90/60 болып жүрген адамға қалай қан қысымын көтеруге болады? Төмен болғандықтан терлейді де жүреді.

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қан қысымы төмен болуы (100/60 мм с б.) кейбір шыныққан спортсмен адамдарда мысалы альпинисттерде, бишілерде,алыс дистанцияларға жүгіретін атлеттерде норма болып есептеледі.Бұл адамдар өздерін нашар сезінбейді.Ал кейбір қан қысымы төмен адамдар, терлегіш,қара жұмысқа дәрменсіз,тез шаршағыш,таңертең ұйқыдан тұрғанда басы ауырып, орныныан тез тұрса,көзі қарайып,тіпті  бас айналып құлап , жарақат алуы да мүмкін! Үнемі аяқтары мен қолдары салқын, алақандары терлеп тұрады.Ауа райының өзгеруіне өте сезімтал,ыстық моншаны,қапырық бөлмелерді, аязды көтере алмайды.Қан қысымын қалпына келтіру үшін бірінші себебін анықтаған дұрыс.Басты себептері:Жүрек қағысының бұзылулары.(Аритмияның кейбір түрлері) ,вегетативті нерв жүйесінің дұрыс жетілмеуі ( көп кезеседі) тамырдың тонусының бұзылуы және эндокриндік ауытқулар.Ал егер денсаулықта осындай ауытқулар болмаса онда төмен қан қысымын қалпына келтіру үшін,адамшөп жень шень, лимонник, элеутерокок  тұнбаларын ішуге болады. Көбірек ұйықтаған дұрыс, және үйіңізде осындай адам  болса " ұйқышыл" деп сөкпеңдер!! Спорттан жүзу, пин понг, йога,таза ауада серуендеуге болады. Спорттың ауыр тұрлерімен айналысудың қажеті жоқ.. Үйде күнде таңертең контрасты душ қабылдаған дұрыс.Жалпы қан қысымында бұндай ауытқулар болмас үшін адамды сәби кезіненен шынықтырған дұрыс. Көп ата аналар сәбилерін аса қатты қымтап, шамадан тыс жылы ыстық үйде ұстайды. бұл үлкен қателік болып есептеледі.Қан тамырлары ауа салқын болғанда жиырылып, ауа жылы болғанда босаңсуы  осы бала кезден қалыптасады., Ал біз балаға суық тиеді деп шамадан тыс бөлмені ысытып, өте жылы киіндіргенде тамырлардың қызметінің дұрыс қалыптасуына ұлкен кедергі жасаймыз.
+1 дауыс
Кофе ішіңіз көтеріледі, көк шай ішсеңіз түседі
Кофені көп ішуге болмайды, өте зиян. Анда санда ішкенімен қан қысымы көтеріле қоймайды.
–1 дауыс
Арақ ішкенде көтеріледі қан қысымы
–1 дауыс
Жоқ нарсеге бақырып-шақырып ашуланып жындана бер,давлениең котеріледі.Бірақ абайла келесіде давлениені қалай түсіреді деп жүрме....!!!!!!
–1 дауыс
Менiң де қан қысымым төмендеу, маған да қан қысымын kөтеру kереk. Оны адамдардан емес дәрiгерлерден сұрасай, мұндағы адамдар теk өз ойларын айта алады.
Негізі осында жақсы мамандар бар болатын...
Жақсы атты апкеге айтып көру керек. Сол кісі жауап бере алады.
–1 дауыс
Админ мен сияқты маман тұрғанда неғыласыз басқаны.
Сенің жауабынды қабыл алып,ашу шақыратын болсақ, онда тіптен қан қысымы төмен адам бірден құлап қалады.
)))))) ------
0 дауыс
Спорт. Соғым. Əшті қымыз.  Не бөле қымыз таң ертеңге.
0 дауыс
Алла шипасын берсин дарилерге коса дуга жасау керек
0 дауыс
Менің папамнын давлениесі 50-60 боп тур. Қалай көтереміз? Кофе ишті болмай жатр
...