+1 дауыс
901 көрілді
маған онлайн кітапханалардың сайты керек еді жазып жіберсеңіздер алдын-ала рахмет!!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жақсы сайт бар. Қазақстанның ашық кітапханасы.

http://ikitap.kz/kk/books

Осында көптеген кітаптарды онлайн оқуға болады. 

«Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы

 

«Қазақстанның ашық кітапханасы» - қазақ әдебиеті мен Қазақстан ғылымының, өнері мен сан-саладағы шығармашылық жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.
Қазір «Қазақстанның ашық кітапханасында» түрлі форматтағы және сан алуан тақырыптағы 1500-ден аса шығарма жинақталған. Оның ішінде кітаптар, аудиокітаптар, музыка мен видеофайлдар бар. Жинақталған қордың негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген туындылар құрайды.
«Қазақстанның ашық кітапханасына» елімізге, қала берді әлемге танымал ақын-жазушылардың қоғамдық игілікке өткен шығармаларымен қатар қазіргі заманғы әдебиет саңлақтарының шығармалары да Creative Commons еркін лицензиялары негізінде енгізілуде.
Осы орайда интернетте қазақтілді мазмұнның артуына, мәдениетінің дамуына жағдай жасайтын жобаға ықылас танытып, шығармаларын ашық жариялауға алғашқы болып рұқсат берген Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Зейін Шашкин, Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекхожин, Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Әбіш Кекілбаев, Зейнолла Қабдолов, Сафуан Шаймерденов, Қалтай Мұхамеджанов, Мұхтар Шаханов, Сәкен Жүнісов, Софы Сматаев, Жанат Ахмадиев, Қабдеш Жұмаділов, Сәуірбек Бақбергенов сынды ақын-жазушылар мен олардың ұрпақтарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

0 дауыс

http://kazneb.kz/wps/portal/ мына жерден қараңыз..

0 дауыс

Мына жерде біраз ғана бар сілтеме

сайтың вирусқой
Ол вирус емес жарнама қойғанмын,сондағы кодты Аваст және Касперский вирус деп қабылдайды.
0 дауыс
adebikz.com сайтында кітаптарды таба аласың.
...