+1 дауыс
6.1k көрілді
Қазақ тілінің заңына сәйкес, қазақ сөздері біріңғай-жуан не біріңғай-жіңішке болатынын ескерсек, дұрысы - Кітәп болар еді. Сонда дұрысы қалай?

8 жауап

0 дауыс
негізінде Кітап барлығы кітап деп жазғызады,бізге мұғалім кітап деп жазуды үйретті,Өз басым Кітап деп ойлаймын-аралас буынды сойлем
0 дауыс
Жазылу бойынша-кітап, айтылуы бойынша-кітәп болады.....
+4 дауыс

Дұрысы - Кітап. Бұл кірме сөз болғандықтан (араб тілінен) сіз айтқан қазақ тілінің заңына сәйкес біріңғай-жуан не біріңғай-жіңішке болып келмейді. 

0 дауыс

Өзге тілден енген сөздер дыбыс үндестігіне бағынбайды. Сондықтан дұрысы КІТАП.

0 дауыс
Дұрысы -  кітап
0 дауыс
Үндестік заңына бағынбайтын сөздер болады, олардың көбісі - кірме сөздер. Мысалға: велосипед, мұғалім, кітап, т.с.с.
Ал қазақ тілінің төл сөздері бірыңғай жуан, немесе бірыңғай жіңішке. Төлеу сөздердің көбісі осы үндестікке бағына бермейді.
0 дауыс
Әрине кітап болады. Дұрыс жазамын,дұрыс айтамын деген сол.
0 дауыс
Кейбір сөздер ондай емес. Бұл орфография мен орфоэпия.

Дұрысы КІТАП болады.
...