+2 дауыс
794 көрілді
хостинг деген не оны калай пайдаланады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді.
түсіндім енді сол интернет арқылы пайдаланып көру мысалы сол хостингтер атауын білесіздер ме алде оларды белгілі атаулары барма?
мә, мына сілтемемен өтіп, осы хостингті қара http://cabinet.prostohost.kz/aff.php?aff=051
...