+15 дауыс
571 көрілді

Өткен жолы СЖ сайтына ән шығару жайлы әңгіме қозған болатынбыз. Сөйтіп айтылған әңгіме жабулы қазандай тынып қалды. Бүгін міне сол жайлы айтқым келіп отыр. Мен сайтқа өлең шығарған болатынмын! Қараңыздар, оқыңыздар. Мағынасына үңіліп, жете түсінуге тырысыңыздар. Админ және сайт қолданушылары мақұлдап жатса, өз ішіміздегі компазиторлар игі іс жасап неге әнін шығармасқа! Сындарыңыз бен міндеріңізді жасырмай айта беріңіздер. Түзеуге тырысамын!

Бұл өмірден қамыққанда,

Айт сырыңды қалыс қалма.

Ақыл айтып, жөн сілтейді

Сұрақ-Жауап тарыққанға!

Қайырмасы:

Серкесі бұл талай сайттың

Шығаратын қазақ атын.

Ғаламтордың жолдарында

Сұрақ-Жауап оза шапқын

Бар әлемді таңдандыра.

 

Қылыштайын жылтыңдаған

Бұғып басын тартынбаған.

Қиналғанға көмек беріп

Сауап алған Жаратқаннан!

Қайырмасы:

 

Іздеген жауап сауалдарға

Болған үлгі талайларға.

Біздерде бар ақылдылар

Қарсы тұрар дауылдарға.

Қайырмасы:

Өте тамаша!!!Нағыз ақынсың ғой.Қайырмасында серекесі емес серкесі шығар.

12 жауап

+5 дауыс

Өлеңің керемет екен!

өнерің үстем болсын,мынау нағашылардың атынан деп 5000 тг лақтырып тастайтын жер екен ))))

иа сосын құдалардын атынан 2000 теңге))))
Белгісіз
Аяйсыңба тегін ақшаны,мал баланың шашуы деген 10 000 бер ))))
Не ғо ақшаны менің жеке шотыма аударсаңдар болады...:D
+2 дауыс
Керемет тек енді нотасын жазып әрлеу ғана қалды! Бәрекелді!
+2 дауыс
Маған ұнады. Өте жақсы. Шынымен де әнін шығарып, қарастырып көрсек болады.
Админ мырза сізге жеке хат жіберіп едім !?
+2 дауыс
Иа шынында да керемет өлен екен! Өнерінін тасы өрге домалай берсін!!!
кушті екен)жарайсың)))сайттың ғұмыры ұзақ,қолданушылар көбейсін)))
Рахмет!!!
Айтқаның келсін!
0 дауыс
мммиииаа маған қатты ұнады  бұны тек енді ән қылып айту керек, саиттың ережесіне қосу керек әрбір қолдаушы осы әнді білу қажет авторымен деп хехехе
0 дауыс

Негізі жақсы, бірақ:

Қылыштайын жылтыңдаған

"Жылтыңдаған" деген сөз біртүрлі емес пе "жарқылдған" десе қалай болады

Қылыш жарқылдамайд жылтыңдайды. Жарқылдайтын найзағай.
:D
Ә жарайды, онда жылтың-жылтың етіп жүре берейік
+1 дауыс
Шынында да тамаша жазылған. Енді музыкасын шығаратын адам болса өте тамша ән болар еді.
Рахмет! Иә, дұрыс айтасың.
0 дауыс
Әп, бәрекелді! Өнерің үстем болсын!!!
0 дауыс
өте кереметмаған қатты ұнады
+2 дауыс
Керемет. Талабыңа нұр жаусын! Енді бізге арамыздан бір композитор шықса күшті болар еді. +1
Елеке дұрыс айтасыз. Арамызға компазитор қоссақ бұданда керемет өлеңдер жазармыз.
+1 дауыс
Иә, СЖ Әнұраны болуға лайық өлең екен. Сәттілік тілеймін. Қолдау тауып, ән болып шығып жатса тіптен керемет болар еді.
0 дауыс

Марат ақынсың ғо.Керемет ән.Сұрақ-Жауап сайтының ұранына лайық ән...........

...