+10 дауыс
19.7k қаралым

Соңғы жаңалықтар

18 жауап

+21 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Онда ауа таза,тамақ та экологиялық жағынан таза,витамині көп,организмге қажет емес қоспадан таза)

2.Адамдар көп еңбек етеді,олардың тапқан табыстары адал.Балалар да еңбекке бейімделген,қалалық балаларға қарағанда

3.Қазақтың салт-дәстүрлері сақталған.Тәрбие күшті.
Сізбен толықтай  келісемін ! Рахмет!!!
+19 дауыс
  1. Таза ауа, бауырмашыл ағайын-туыс, көршілер.
  2. Балшық суға шомылып, тоңқыған ешектің үстіне секіріп мініп, кешке достарыңмен қарбыз ұрлыққа барғанға не жетсін.
  3. Жегенің алдында, жемегенің артыңда. Қалтаңда 500 тенге болса сенен асқан бай адам жоқ қой. 

Жазып жатқандарым әзіл ғой. Шындығында ауыл тамаша. Сөзбен айтып жеткізу қиын. Сіздің сұрағыңызға мына Азия тобының орындауындағы әсем жауап береді. 

YouTube видеосын ашу

Әрине сайт админі! Пікіріңізге және ауылды әуелеткен әніңізге рахмет!
+16 дауыс
1. Қаладағыдай назар аударған кезде,ауылда гламурлық қабілет ұстамайды. Яғни сырттан  бақылаушының  мнениесі қабылданбақ емес...)))

2. Көбіне ауылбайшылық, қараңғылық - бақытты өмір сүруге ықпал етеді. Кейде көп нарседен алыс болу үшін, бас сұқпаған тиімдірек...))))

3.Ақыры өлетінің өтірік емес, баратын жаққа күнәдан азда болса алыс болып, иманды болуға мүмкіндік бар. Саған байланысты емес көзден, құлақтан, байқаусыздықтан келетін күнаһарлықтан таза боласың, инабатты қаракөз қыздардың БАРЛЫҒЫ ауылдан шығады...
))) Сізбен де келісуге болады екен. "3.Ақыры өлетінің өтірік емес, баратын жаққа күнәдан азда болса алыс болып, иманды болуға мүмкіндік бар. Саған байланысты емес көзден, құлақтан, байқаусыздықтан келетін күнаһарлықтан таза боласың, инабатты қаракөз қыздардың БАРЛЫҒЫ ауылдан шығады... " дегеніңіз қатты ой тастады.
+14 дауыс
Мен ауылда тұрамын,аудан орталығында.Ауылда қылмыскерлер аз,түнде жалғыз өзің қорықпай жүре бересің.

Тамақ жағы сапалы,сары май,ет,құрт,қоспа,манты,сорпа,әгүршік,помидор бәрі қаладағыдан гөрі денсаулыққа пайдалы.Таза ауа,тамаша табиғат.Бәрі таныс,бәрі туыс.Жаңа технология жағынан да қаладан қалып жатқанымыз жоқ,тұрғын үйде суы,басқасы ішінде,иінағашпен су тасып жүрген ешкім жоқ.балалар еңбекпен шыңдалып жақсы өседі,қаладағыдай бір ұйымға кіріп кете ме,жаман жолға түсіп кете ме деп алаңдамайсың.
Һ - мен әбден толық келісемін, мен де аудан орталығында тұрамын, айтып жатқанының бәрі дұрыс.
1) Koi bagasyn
2) Kunde et jeisin
3) Dym kyzyk jok bolsada kunde koshege shygasyn.
ия, соның өзі неге татиды)) мен де аудан орталығында тұрғам, қазір қаладамын))) ауылдың жазғы кеші деге-е-ен, ее, айтып жеткісіз ғой, бәрі таныс, бәрі тілеулес...бірақ соңғы кезде түрлі секталар да ауылға таңба салып үлгеріпті(((
Әрине! Ауылда қылмыскерлер аз болса, тіпті тамаша екен)))
+12 дауыс

менше былай ғой:

Жайлауда мал... ләззат берер жаз-шуың,

Жазық далаң таң қылады-ау тау ұлын!

Мейлі қанша болмаса да газ-суың,

Қымбатсың-ау, ауылым!

+12 дауыс
Таза ауа

Тыныш өмір

Сенімді достар
Ех, шіркін, ауыл...
+12 дауыс
машина аз
Тағы екі артықщылығын көрсете аласыз ба?
+12 дауыс
1.Таза ауасымен даласында отырып шай ішкенге не жетсін

2.Бір-біріне көмегі мол , ықыласы ауған , мейірімді ауыл адамдары

3.Кешкі серуен
))) Әрине, бірақ, мен ауыл мен қаладағы кешкі серуенді салыстыра алмаймын?
+11 дауыс
Таза ауа,мәйкімен жүресің,рахат қой ауыл,рахат!Әбілмәжін Ғибадати  Хақаиқ сөзінен.
+7 дауыс
салем! барлық адамдардың ой бір жерден шығып жатса мен қалай болғанда басқаша айтуым керек сияқты болып тұрады, жаратылысым солай шығар:))) бұл жолы да мен ауылдар гөрі қаланы жақтағым келіп тұр, себебі өзім қалада туып өскенмін, ауыл деген меніңше қайта шегі жоқ колония сияқты, (артық айтсам кешірім сұраймын) ал қалада адам жан-жақты болып,өмірдің қызығымен қиыншылығын қатар көріп өседі, қиыншылығы басым, анау айтқандай қылмыскерлер, маскүнемдер көп болғанымен олардан қалай құтылу керек екенің, ол дұрыс жол емес екенің біліп жүреді, тағы айтқым келгені ауылда қылмыскерлер аз деген сөзбен толықтай келісемін, алайда жаман адамдар жақсы адамдарды ажырату үшін керек емес пе, меніңше қаладығы өмір қиыншылығымен қызық секілді!
:)) жараааайды:)))
+10 дауыс
Ауылдың үш артықшылығы: 1.ана анам бар 2.бауырларым бар 3.туған жер
Бұл үшеуі әрдайым сағындырып ауылға баруға мәжбүрлейді....
+8 дауыс
Ауылға не жетсін,шіркін! Назира сен өлең жазасың ғой,мен ауыл өмірінен кішкене көрініс айтып берейін,өзім де сағынып жүрмін.Маған ұнайтыны ауыл кеші,йә,кәдігімгі кешкі ауыл.Өрістен мал келіп,иттер шулап,лақ маңырап ,қозы жамырап,у-шу, қым-қуат уақыт басталып кететін кез болады бір.Мал тұяғынан көтерілген шаң ауыл үстін бейне бір ақ шатырша басып тұрады.Жолдас балаң керек болып,шарбағына жақындап барып:
-"Апа-ау, Бөгенбай үйде ма?"-десең,апасы:
-"Бөтен қой,бөтен қой жоқ қарағым"-деп жауап беретін уақытты сағынамын.Ауыл деген керемет қой,мүмкін қазір өзгеріп те кеткен шығар.
"Сүмбе"жері жайында Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" кітабынан оқыған едім,жақсы бейнелепсіз+1
+1 дауыс
ауыл - қазақтың алтын бесігі.
1. ауа таза, шипалы һәм жұпар
2. тәрбие мықты. ана тіліміз таза, тек ауылда ғана еш бұзылмаған
3. адамдарды еңбекке баулитын негізгі аймақ - ауыл
+1 дауыс
1. Ау таза
2. Жұмыс істейсің, мал болады аулада
3. Қалалардың балдарынан жұмысқа бейімді     боласың
0 дауыс
Маған  ауылым балалық шағымның куәсі болғаны үшін ыстық.  Артықшылығы: сұлу табиғатын тамашалайсыз,еңбекке икем болып өсесіз,сапалы,табиғи өнімдерді еркін пайдаланасыз тағы қосқым келетіні адамдар арасындағы бауырмашыл байланыс мықты:үй-ішіңізбен түгел үйде болмайтын болсаңыз,мал-мүлкіңізді құдайы көршіңізге сеніп қалдыра аласыз,көрші аға,көрші ападан бастап  үлкендерді құрметтеп сыйлайсыз.Ал олардан  айналайынынан бастап алғысын аласыз.(Осы сәтте ауылға барғым келіп кетті ғой, мына сессия біткен соң "ауыл,қайдасың?" деп ұша жөнелетін шығармын,сәулеті мен сәні үйлескен әсем  Астана менің Жем жағасындағы Жарқамысымның орнын баса алар емес.
+1 дауыс
1таза ауа 2дәмді тамақ 3қызық қой ол жерде
+1 дауыс
артыкшылык ушеу емес.Көп.Агайын-бауырлар бірөбірімен тату -тәтті араласып тұрады.Ауасы таза .Ауылда жұмыс бітпейдігой.Сол жұмысты істей беріп кочек болып шыгасын кайта.Салт-дәстүр, әдет-ғұрып жақсы сақталған.айта берсен коп кой!!!!!!
 (nod)
0 дауыс
Ол жерде шаруашылық болады тіршілік болады
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...