+2 дауыс
Мен Жизнь Пи киносын көрдім... Сонда ұшатын балықты көріп таң қалдым... Шын өмірді олар бар ма... Бар болса олар туралы толық мағлұмат беріңіздерші...
27.03.2013 3.4k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Иә, оларды кейде Ұшқыш балықтар деп те атайды. Мәлiмет бере кетейiк: Ұшқыш балықтар— саргонтәрізділер отрядының тұқымдастарына жатады. Дене ұзындығы 15—50 см. Жақтары қысқа. Кеуде, ал кейбіреулерінде құрсақ, жүзбеқанаттары ұзын. Қабыршақтары ірі. Тропикалық және субтропикалық теңіз жағалаулары мен ашық теңіздерде 7 туыс, 60 түрі кездеседі. Олардың су бетінде қалқып ұшатын қасиеті бар. Суда балық сағатына 30 км/ сағ жылдамдықпен жүзіп, судан шығарда жүзу жылдамдығын 60—65 ш/с көтеріп, судан атылып шығып, су бетінде 200, кейде 400 м дейінгі қашыққа қалқып ұша алады. ТМД суларында бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінде солтүстік ұшқыш балығы бар. Ол жазда ұлы Петр шығанағында кездеседі. Планктонмен қоректенеді. Өсімталдығы 1—24 мың уылдырық. Уылдырықтарын жабысқақ жіптермен балдырларға жапсырып салады
27.03.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы