+3 дауыс
1.0k көрілді
Бірге тұратын досым біраз күн бұрын балық сатып алды. Әдемі кіп-кішкентай он бес шақты балық. Сосын әйнек аквариум алып сәндеді,  ішіне тас салды, жасанды шөп салды, бақалшақтарды тізіп қойды. Кеше аквариумның суын тазартатын құрылғы алып келіпті. Жатарда тоққа жалғап іске қосып, таңертең алып тастаймын деді. Таңертең қарасақ балықтар күндегідей қозғалмайды, аузын ашып жоғары қарап бір орында тұра береді. Тамақ та жемейді. 4-еуі өліп қалды. Басқаларының жағдайы мәз емес. Бүгін бәрі өлетін сияқты. Досым асыраймын деп әкеліп,  өз  қолыммен өлтірдім деп жабырқап жүр. Күндегі ермегі сол еді. Балық өсіріп көргендеріңіз бар ма? Бұл тазартқыш құрылғының әсері ме? Сонда ондай құрылғының бәрі балықтарға зиян ба?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы оларды өлтіріп алмай асырау қиын. Өліп қалуының себептері суына(салқын н/е таза емес), жеміне(шамадан тыс берілуі), түнде ұйықтамауларына(сәл жарыққа ұйықтай алмайды) байланысты болуы мүмкін.
0 дауыс
Аквариумның ішінде свет жанып тұрама, сосын оның ішіндегі суда аппарат болу керек: температура мен ауа жіберіп тұратын құрылғы. Сосын оны нақты балықпен айналысып, өсіріп жүрген мамандарған сұрау керек.
...